Жиі қойылатын сұрақтар
Мүгедек адамдарға кресло-арбалар "Мүгедектерді оңалтудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 22 қаңтардағы № 26 бұйрығымен (2021 жылғы 3 наурыздағы өзгерістерімен) және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 44 бұйрығымен (2021 жылғы 3 наурыздағы өзгерістерімен) бекітілген медициналық айғақтар бойынша беріледі.
Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" ҚР Заңына қол қойды.
Заңда жеті жастан он алты жасқа дейінгі мүгедек балалар үшін мүгедектік тобын белгілеу көзделген. Мүгедек балалардың осы санатына жәрдемақы мөлшері арттырылатын болады.
Сондай-ақ заңмен қарастырылған:
- 1 топтағы мүгедектерге күтім жасайтын адамдарға жәрдемақы енгізу;
-мүгедек балаларға мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша бір мезгілде жәрдемақы алу құқығын беру, бұл мүгедек балалары бар және асыраушысынан айрылған отбасылардың табысын арттыруға мүмкіндік береді.
"Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" ҚР Заңының 24-бабы 2-тармағының 2-тармақшасына сәйкес, егер мүгедектігі мерзімсіз болып белгіленсе, I және II топтардағы мүгедектігі бар жеке тұлғалар бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналарын төлеуден босатылады. Бірақ қызметкердің өтініші бойынша жұмыс беруші қызметкердің ай сайынғы табысының 10 пайызы мөлшерінде міндетті зейнетақы жарналарын ұстай алады.
Мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды бір мезгілде алу мүгедек балаларға бір немесе екі ата-анасының қайтыс болуына байланысты көзделген, Заңның осы нормасы 2021 жылғы 24 қазаннан бастап қолданылады.
Мүгедектігі бойынша жәрдемақы- жәрдемақы алуға өтініш берген уақытта жұмыс тоқтатылғанына немесе жалғастырылып жатқанына қарамастан, мүгедектік туындаған жағдайда тағайындалады. Жұмыс істейтін мүгедектерге мүгедектігі бойынша айлық жәрдемақы толық мөлшерде төленеді.