Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған салтанатты жиын
2025 жылғы 27 тамызда «Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті» РММ-де Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған салтанатты жиын өтті.
Жиынды департамент басшысы Омаров Марат Қосылұлы ашып, ұжымды мемлекеттік мерекемен құттықтады. Ол өз сөзінде Конституцияның ел тәуелсіздігінің берік негізі, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының кепілі, сондай-ақ бірлік пен тұрақтылықтың символы екенін атап өтті.
Конституцияның 30 жылдығына орай бекітілген іс-шаралар жоспары аясында департаментте қызметкерлердің балалары арасында сурет салу конкурсы ұйымдастырылды. Жеңімпаздарға салтанатты жиын барысында грамоталар мен естелік сыйлықтар табысталды.
Жиынға департамент ардагері, бұрынғы зейнетақы және әлеуметтік қамтамасыз ету бөлімінің қызметкері Айдарбеков Оразбек Урустемұлы да қатысып, ұжымды мерекемен құттықтап, еңбекте табыс тіледі.
Конституция күні – жай ғана мереке емес. Ол – Қазақстан тарихындағы жаңа кезеңнің бастауын білдірген, халықтың жарқын болашағына жол ашқан тарихи белес.