Медициналық-әлеуметтік мекемелердің директорларымен семинар өткізу


Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 17 сәуірдегі хаттамалық тапсырмасын орындау мақсатында Департамент Солтүстік Қазақстан облысының медициналық-әлеуметтік мекемелерінің директорларымен, Облыстың адам құқықтары жөніндегі уәкілінің, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы өкілдерінің қатысуымен қолданыстағы стандарттарды, нормативтік-құқықтық актілерді және Әлеуметтік кодексті түсіндіру жөніндегі семинар өткізді.
Кеңес барысында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету, қызмет алушылардың құқықтары мен мүдделерін сақтау мәселелері бойынша жүргізілген мониторинг нәтижелері қаралды.
Оқиға күні
26 сәуір 2023
Оқиға түрі
Семинар