Жиі қойылатын сұрақтар
Республикалық бюджеттен төрт және одан да көп бірге тұратын кәмелетке толмаған балалары, оның ішінде кәмелеттік жасқа толғаннан кейін білім беру ұйымдарын бітіретін уақытқа дейін орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша оқитын балалары бар көп балалы отбасыларға мемлекеттік жәрдемақы тағайындалады және төленеді (бірақ жиырма үш жасқа толғанға дейін).
Жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау үшін еңбек өтілін есептеу кезінде 18 жасқа дейінгі мүгедек баланы күтіп-бағу уақыты, сондай-ақ бөгденің көмегіне мұқтаж бірінші топтағы мүгедекке, екінші топтағы жалғызбасты мүгедекке және жасына байланысты зейнеткерге, сондай-ақ сексен жасқа толған қартқа күтім жасау уақыты есептеледі.
Зейнетақы жүйесіне қатысу өтілін (олардың болуына қарай) растайтын құжаттарға: бірінші топтағы мүгедекке, екінші топтағы жалғызбасты мүгедекке және бөгденің көмегіне мұқтаж жасына байланысты зейнеткерге, сондай-ақ сексен жасқа толған қартқа, он сегіз жасқа дейінгі мүгедек балаға күтімді жүзеге асыру фактісі мен уақытын растайтын сот шешімі жатады.
Мүгедек баланы тәрбиелеп отырған анаға немесе әкеге, бала асырап алушыға, қорғаншыға (қамқоршыға), бала кезінен бірінші топтағы мүгедекке күтімді жүзеге асыратын адамға тағайындалатын және төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы туралы мәліметтер мемлекеттік АЖ (ақпараттық жүйелер) расталған кезде сот шешімін ұсыну талап етілмейді.