ҚР ЕжХӘҚМ ЕӘҚжКҚК Шымкент қ. бойынша департаменті халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімінің жетекші маманы
Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті
Шымкент қаласы
97510 - 132020
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе орта білімнен кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе орта білімнен кейінгі білім
- Педагогика және психология
- Құқық
- Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (білім саласы)
- Әлеуметтану
- Экономика
- Есеп және аудит
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Әлемдік экономика
- Техникалық ғылымдар және технологиялар (білім саласы)
- Әлеуметтік жұмыс
- Қаржы
Қосымша талаптар
ЕРСОП, ЕКЫЗМЕТ, ИПГО, Документолог, ЕШағым бағдарламаларымен жұмыс жасау
Функционалды міндеттер
халықты әлеуметтік қорғау саласындағы заңнамалық актілерінде көзделген, зейнетақыларды және әлеуметтік төлемдердің толық мөлшерде, өз мерзімінде және сапалы төленуін, мүгедектерге әлеуметтік қызметтер мен қолдау шараларының өз мерзімінде және сапалы көрсетілуін және өзге де нормативтік құқықтық актілердің орындалуын жүзеге асыру; медициналық-әлеуметтік мекемелерінде халықты әлеуметтік қорғау саласындағы заңнамалық актілерін сақтауына сапалы да тиімді тексеру жүргізілуін қамтамасыз ету; бөлім жұмысына байланысты құжаттарды дайындау, дұрыс іс жүргізуді қамтамасыз ету, тексеру актісін тіркеу журналын, тексеру қортындысы бойынша салынған айыппұлдарды тіркеу журналын жүргізу, тексеру ақпарын және жинақтау-талдау мәліметін жасау; бөлім құзырына кіретін мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғалардың арыз-шағымдарын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіп пен мерзімде қарау; ОҚО МӘС бөлімдерінің және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімдерінің мамандарына кеңестік, әдістемелік көмек көрсетеді және халықты әлеуметтік қамсыздандыру жөнінде семинарлар, конференциялар өткізуге қатысу; Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығын, Үкіметтің қаулылары мен тапсырмаларын, басқа да нормативтік құқықтық құжаттарды, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігінің бұйрықтарын, департамент басшыларының тапсырмасын дер кезінде орындау.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 03.08.2021
- г.Шымкент, Диваев көш., 148, 2 этаж, 16 кабинет
-
87252-32-44-32