Республика күніне орай қызметкерлерді марапаттау рәсімі өтті

25 қазан – Республика күніне орай Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаментінде салтанатты жиын өтті.
Іс-шара барысында Департамент басшысы Тұрсунбаев Ғалым Сұлтанұлы ұжымды ұлттық мерекемен құттықтап, қызметкерлерге ізгі тілегін білдірді.
Сондай-ақ әлеуметтік қорғау саласындағы адал еңбегі, кәсіби біліктілігі және қызметтік міндеттерін жауапкершілікпен атқарғаны үшін бірқатар қызметкер марапатталды.
“Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінен”: №1 МӘС бөлімінің басшысы Хайтметов Э.Ф.
Халықты әлеуметтік қорғау саласының бақылау бөлімінің бас маманы Миятбеков Н.М.
Халықты әлеуметтік қорғау саласының бақылау бөлімінің бас маманы Шапиева М.Н
Шымкент қаласының Әкімдігінен:
№1 Зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің бас маманы Оксикбаева С.Б.
№2 МӘС бөлімінің басшысы Қожабаева Г.Т.
Халықты әлеуметтік қорғау саласының бақылау бөлімінің бас маманы Баймбетов М.Т.
Департамент басшысынан “Алғыс хат”:
№2 Зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің бас маманы Утельбаева Д.А.
№2 МӘС бөлімінің бас маманы Оразбеков Д.К.
№4 МӘС бөлімінің бас маманы Тажибекова Ж.А.
№2 МӘС бөлімінің тіркеушісі Нұсқабаева М.П.
№4 МӘС бөлімінің тіркеушісі Раушан Ә.Т.
№1 МӘС бөлімінің тіркеушісі Кораласбаева Ж.Т.
Мұрағат меңгерушісі Алғи Н.С.
Салтанатты жиын мерекелік көңіл күйде өтіп, ұжымның бірлігі мен ынтымағын нығайта түсті.