Цифрландырудың арқасында жәрдемақыларды рәсімдеуде не өзгерді?

Жарияланған күні: 22 қазан 2026

Қазіргі таңда цифрландыру әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсетудің маңызды бағытына айналды. Цифрлық технологияларды енгізу азаматтарға жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдерді рәсімдеу үдерісін жеңілдетуге, уақытты үнемдеуге және мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік берді.

Бұрын азаматтар қажетті құжаттарды жинап, мемлекеттік органдарға бірнеше рет жүгінуге мәжбүр болса, бүгінде көптеген қызметтерді электрондық форматта алуға болады. Атап айтқанда, азаматтар eGov.kz порталы мен eGov Mobile мобильді қосымшасы арқылы қолжетімді қызметтерге өтініш беріп, олардың мәртебесін бақылай алады.

Сонымен қатар, проактивті қызмет көрсету тетігі енгізілді. Бұл тетік азаматтың өтінішін күтпей, мемлекеттік ақпараттық жүйелердегі мәліметтер негізінде оған тиісті әлеуметтік қызметті ұсынуға мүмкіндік береді. Мысалы, азаматқа 1414 нөмірінен SMS-хабарлама жіберіліп, жәрдемақыны рәсімдеу үшін келісім беру ұсынылуы мүмкін.

Тағы бір маңызды бағыт — Отбасының цифрлық картасы. Оның көмегімен мемлекеттік органдардағы мәліметтер негізінде отбасылардың әлеуметтік жағдайы талданып, мемле