"Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Павлодар облысы бойынша департаменті" РММ №2 зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің басшысы, C-O-4 (1 бірлік)
Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитеті
Павлодар облысы
241078
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
- мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес;
- Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
- өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі алты айдан кем емес;
- жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
- ғылыми дәрежесінің болуы;
- Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес;
- сот орындаушысы лауазымына жұмыс тәжірибесі талаптары қолданылмайды.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
- Құқық және экономика негіздері
- Құқықтану
- Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (білім саласы)
- Есеп және аудит
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Әлеуметтік жұмыс
- Қаржы
Функционалды міндеттер
Жұмысты ұйымдастыру, жоспарлау және өз құзыретінің шегінде бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуын қамтамасыз ету. Зейнетақылар, жәрдемақылар және БАӨ-ды тағайындау бойынша істердің қаралуын, келіп түсетін құжаттардың өтуін бақылау, өндірістік қажеттілік жағдайында зейнетақы мен әлеуметтік төлемдер бойынша істердің тағайындалуына тексерістер жүргізу. Өткізілетін жұмыстарды талдау және оны есепке алуды қамтамасыз ету мен белгіленген мерзімде және белгіленген нысан бойынша есептерді даярлау, ақпараттық-түсіндіру және оқу-әдістемелік жұмыстарын жүргізу . Зейнетақы мен әлеуметтік төлемдерді тағайындау үшін ұсынылған құжаттардың дұрыстығын тексеруді ұйымдастыру (бастамашылық ету).
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 07.07.2022
- техникалық жазба құралдарын қолданумен өткізіледі (ZOOM бағдарламасы арқылы)
-
74-35-42