№2 медициналық – әлеуметтiк сараптама бөлімінің бас маманы

Мемлекеттік орган

Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Қостанай облысы бойынша департаменті

Аймақ

Қостанай облысы

Санат

C-O-5 (Бас маман)

Орташа лауазымдық айлықақы

108306 - 146177

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Педагогика және психология
  • Денсаулық сақтау
  • Дефектология
  • Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (білім саласы)
  • Психология
  • Қоғамдық денсаулық сақтау
  • Дәрігерлік емдеу ісі
  • Жалпы медицина

Қосымша талаптар

  • жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;
  • мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, әріптестік және өзара әрекеттесу, қызметті басқару;

 

Функционалды міндеттер

Әлеуметтік қорғау шараларын әзірлеумен мүгедектiк себептерiн, мерзімін және тобын, еңбек ету қабілетінен айрылу дәрежесін белгілеу үшін адамдарды куәландыру. Мемлекеттік қызмет көрсету стандартын сақтауды қамтамасыз ету. Мүгедектердің орталықтандырылған деректер базасын сапалы қалыптастыру бойынша жұмыстар өткізу. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне белгіленген заңнама тәртібінде жауаптарды қарау және дайындау. Белгіленген заңнама тәртібінде аймақ бойынша мүгедектік жай-күйі туралы ақпаратты ұсыну. МӘС және мүгедектерді оңалту мәселелері бойынша медициналық ұйымдардың дәрігерлеріне консультативтік көмек көрсету. Халық арасында мүгедектерді оңалту және медициналық-әлеуметтік сараптама мәселелері жөнінде, оның ішінде бұқаралық ақпарат құралдары арқылы түсiндiру жұмыстарын өткiзу. Жүктелген  лауазымдық міндеттеріне сәйкес басқа да функцияларды жүзеге асырады.   

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 13.03.2020

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

27.03.2020
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

01.04.2020

Сұхбаттасу орны

Қостанай қаласы, Қасымқанов көш., 34, 408 каб

Анықтама алу үшін байланыс

 8(7142)-50-02-12, 50-04-17 (факс)