Медициналық-әлеуметтік сараптаманың әдіснамалық және бақылау бөлімінің басшысы «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Қостанай облысы бойынша департаменті»
Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Қостанай облысы бойынша департаменті
Қостанай облысы
126357 - 170599
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
- мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес;
- Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
- өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі алты айдан кем емес;
- жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
- ғылыми дәрежесінің болуы;
- Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес;
- сот орындаушысы лауазымына жұмыс тәжірибесі талаптары қолданылмайды.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
Функционалды міндеттер
Бөлімнің жұмысын ұйымдастыру, бөлімнің құзыретіне жататын мәселелер бойынша бақылауды қамтамасыз ету және жауапкершілік. МӘС бөлiмдерiнiң қорытындысына шағымданған адамдарды куәландыру. Жеке оңалту бағдарламасын, статистикалық талондар мен басқа да құжаттарды әзірлеумен, мүгедектердi куәландыру актiлерiн ресiмдеумен, еңбекке жалпы және кәсіби жарамдылығын жоғалту дәрежесiн және мүгедектiк тобын, себептерiн анықтаудың дұрыстығын, нақтылығын бақылауды жүзеге асыру. Мүгедектік тобын белгілеу және (немесе) еңбек ету қабілетінен айрылу бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бақылау. Мүгедектердің орталықтандырылған деректер базасын сапалы қалыптастыру бойынша жұмыстар өткізу. Мүгедектік жай-күйіне және кейіннен қажетті әдістемелік ұсынымдар мен материалдарды әзірлеумен, облыс бойынша оңалтудың жеке бағдарламаларының орындалуына мониторинг жүргізу. МӘС қызметін реттейтін нормативтік-құқықтық актілерге ұсыныстар әзірлеу және енгізу. Азаматтарды қабылдау, бөлімнің құзыретіне жататын мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне белгіленген заңнама тәртібінде жауаптарды қарау және дайындау. Департаментте және денсаулық сақтау ұйымдарында мүгедектердi оңалту мен медициналық-әлеуметтiк сараптама мәселелерi бойынша семинар, кеңестердi ұйымдастыру мен өткiзу. МӘС-тің құзыретіне жататын мәселелер бойынша БАҚ-мен өзара әрекеттесу. Жүктелген лауазымдық міндеттеріне сәйкес басқа да функцияларды жүзеге асырады.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 20.08.2021
- г. Костанай, ул.Касымканова,34, каб. 408
-
8(7142)-50-02-12, 50-04-17 (факс)