Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Алматы облысы бойынша департаментінің медициналық-әлеуметтік сараптаманың әдіснамалық және бақылау бөлімінің басшысы (уақытша, негізгі қызметкердің бала күту демалысы мерзіміне 2027 жылғы 10 қарашаға дейін). Индексі № 10-1

Мемлекеттік орган

Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті

Аймақ

Алматы облысы

Санат

C-O-4 (қолданыстағы)

Орташа лауазымдық айлықақы

327923

Жалпы біліктілік талаптары

   С-О-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

   жұмыс өтілі екі жылдан кем емес (сот орындаушысы лауазымына жұмыс тәжірибесі талаптары қолданылмайды).

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Жалпы медицина

Функционалды міндеттер

Берілген санаттың нақты лауазымының мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін «Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі. Бөлімнің жұмысын ұйымдастыру. Мүгедектік тобын, оның себептерін, мерзімін, мүгедектіктің басталған уақытын, еңбек қабілетінен айрылу дәрежесін, организм функцияларының бұзылуы және тіршілік -тынысының шектелуі дәрежесіне қарай «мүгедек бала» санатын айқындауға, мүгедектерді оңалтуға, мүгедектердің куәландыру актілерін рәсімделуіне, оңалту жеке бағдарламаларын, статистикалық талондарды, хаттамалар журналдарын және Департаменттің медициналық – әлеуметтік сараптама (бұдан әрі – МӘС бөлімдерімен) бөлімдерімен басқа да құжаттардың толтырылуына бақылау жасауды жүзеге асыру. Департамент басшысы орынбасарының қатысуымен МӘС бөлімдерінің қорытындыларына шағымдану бойынша тұлғаларға қайта куәландыруды жүргізу. Облыс бойынша мүгедектікті талдау, МӘС – тің жұмысын жақсарту бойынша іс – шаралар әзірлеу; МӘС бөлімдерінің мамандарына, медициналық ұйымдардың дәрігерлеріне МӘС және мүгедектерді оңалту мәселелері жөнінде консультативтік, әдістемелік көмек көрсету; мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламаларын әзірлеу және түзету, олардың орындалу тиімділігін бақылау; № 7 нысаны бойынша жылдық жиынтық есебін, тоқсандық есептерді және басқа да ақпараттық – статистикалық құжаттарды жасау. Өз құзыреті шегінде, мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы және арнайы әлеуметтік қызметтерді көрсету саласындағы заңнамалардың сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру; Департаменттің тапсырмасы бойынша соттарда және өзге де ұйымдарда медициналық – әлеуметтік сараптама және мүгедектерді оңалдыру мәселелері бойынша оның өкілі болу. БАҚ арқылы заңнамаға түсініктеме беру. Функционалдық блок - "А".

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 14.05.2025

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

15.05.2025 – 19.05.2025
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 20 МБ

Сұхбаттасу орны

Астана қаласы, Мәңгілік ел даңғылы, 8-үй, 6 кіреберіс, қажет болған жағдайда техникалық жазба құралдарын қолдануымен өткізіледі (ZOOM бағдарламасы)

Анықтама алу үшін байланыс

87172743972