"Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті" РММ № 4 зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің бас маманы, C-O-5 (1 бірлік)
Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитеті
Алматы облысы
236 338
Жалпы біліктілік талаптары
С-О-5 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;
мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім
- Халықаралық қатынастар
- Құқықтану
- Халықаралық құқық
- Әлеуметтану
- Психология
- Экономика
- Менеджмент
- Есеп және аудит
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Әлеуметтік жұмыс
- Қаржы
Функционалды міндеттер
Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдерін, зейнетақы төлемдерін, мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды, арнаулы мемлекеттік жәрдемақыларды, № 1 және № 2 тізім бойынша мемлекеттік арнайы жәрдемақыларды, бала тууға, бала бір жасқа толғанға дейін оның күтімі бойынша мемлекеттік жәрдемақыларды, мүгедек баланы тәрбиелеуші адамға жәрдемақыны, банкроттық салдарынан таратылған заңды тұлғалар, қызметкерлердің өміріне немесе денсаулығына келтірілген зиянды өтеу төлемдерді капиталдандыру кезеңі аяқталғаннан кейін берілетін ай сайынғы төлемдері, Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақ салдарынан зардап шеккен азаматтарға біржолғы ақшалай өтемақыларды уақтылы және толық тағайындалуын немесе тағайындауға бас тартуды жүзеге асыру; бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты әлеуметтік төлемдерді алушыларға зейнетақы жарналарын субсидиялау; мемлекеттік кепілдіктер бойынша төлемдер, жерлеуге берілетін біржолғы төлемдер; зейнетақы мен әлеуметтік төлемдерді тағайындау үшін қажетті құжаттардың дұрыстығын тексеру; азаматтардың және ұйымдардың жазбаша өтініштерін уақтылы және дұрыс қаралуын, РБ – дан зейнетақы және әлеуметтік төлемдер бойынша есептіліктерді және ақпаратты жасауды қамтамасыз ету, зейнетақы мәселелері бойынша азаматтарды қабылдау; Департаменттің тапсырмасы бойынша соттарда және өзге де ұйымдарда зейнетақы және әлеуметтік төлемдер мәселелері бойынша оның өкілі болу. Өз құзыреті шегінде, зейнетақымен қамсыздандыру, міндетті әлеуметтік сақтандыру, арнайы әлеуметтік қызметтерді көрсету саласындағы заңнамалардың сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру. Зейнетақы заңнамасына түсініктеме беру, сондай – ақ БАҚ арқылы. Қазақстан Республикасының заңнамасы саласындағы үздік тәжірибелерді іске асыру үшін халықаралық тәжірибені зерделеу.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 02.10.2023
- техникалық жазба құралдарын қолдануымен өткізіледі (ZOOM бағдарламасы)
-
74-35-42