Қарасай ауданында «Ашық есік күні» іс-шарасы өткізілді

«День открытых дверей»

2026 жылдың 11 қыркүйегінде Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті Қарасай ауданында «Ашық есік күні» іс-шарасын өткізді.
Аталған іс-шараға департаменттің №1 зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің бас маманы А. Жанбатыр және «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ-ның Алматы облысы бойынша филиалы және «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КеАҚ-ның Алматы облысы филиалының Қарасай ауданы бөлімінің өкілдері қатысып, зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру саласы бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Оқиға күні

11 қыркүйек 2026

Өткізу орны

Алматинской область город Каскелен

Оқиға түрі

Кездесу