Мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімді орта: бақылау және анықталған бұзушылықтарды жою

Мүгедектігі бар адамдарға арналған кедергісіз орта: пандустар, арнайы тұрақ, тактильді жолдар және бейімделген санитарлық торап.

Кедергісіз орта қалыптастыру мүгедектігі бар адамдардың тең құқықтары мен мүмкіндіктерін қамтамасыз етудің маңызды шарты болып табылады. Әрбір адам мемлекеттік мекемелерге, әлеуметтік нысандарға кедергісіз барып, өз бетінше қозғалып, қажетті қызметтерді алуға мүмкіндік алуы тиіс.

Профилактикалық бақылау барысында нысан аумағының қолжетімділігіне, арнайы жабдықталған автотұрақ орындарының болуына, пандустардың белгіленген талаптарға сәйкестігіне, тұтқалардың болуына және биік табалдырықтардың болмауына ерекше назар аударылады. Сондай-ақ ғимараттардың кіреберістері мен ішкі қозғалыс жолдарының қолжетімділігі, тактильді көрсеткіштер мен ақпараттық белгілердің болуы, сондай-ақ мүгедектігі бар адамдардың пайдалануына бейімделген санитариялық үй-жайлардың болуы мен қолжетімділігі тексеріледі.

Бұзушылықтар анықталған жағдайда тиісті шаралар қабылданып, анықталған бұзушылықтарды жою мерзімі белгіленген нұсқамалар беріледі. Нұсқамалардың орындалуы бұзушылықтар толық жойылып, мүгедектігі бар адамдар үшін нысандардың қолжетімділігі қамтамасыз етілгенге дейін бақылауда болады.

Қабылданған шаралардың орындалуын бақылау ерекше маңызға ие, себебі жұмыстың нәтижесі мүгедектігі бар адамдар үшін жағдайлардың нақты жақсаруымен көрініс табуы тиіс. Қолжетімді орта — бұл тек инфрақұрылым мәселесі ғана емес, сонымен қатар әрбір адамға құрметпен қараудың көрсеткіші.

Кедергісіз орта қалыптастыру мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қорғауға, дербестігін арттыруға және қоғамдық өмірге толыққанды қатысуына ықпал етеді.

Жарияланған күні

23 қазан 2026

Жаңарту күні

23 қазан 2026