Этностық қазақтардың еңбек өтілін есепке алу

Көру саны:3
Жасына байланысты зейнетақы төлемдері қолданыстағы Қазақстан Республикасының Әлеуметтік Кодекстің және №232 Қағиданың талаптарына сәйкес тағайындалады.
Кодекстің 208-бабының 1-тармағының 16)-тармақшасында көзделгендей Қазақстан Республикасына тарихи отанында тұрақты тұру мақсатында келген этностық қазақтардың шығу еліндегі еңбек қызметі есепке алынады.
ҚХР-нан келген этностық қазақтарға жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау үшін 1998 жылдың 1-қаңтарына дейінгі еңбек өтілі және жұмыс істемейтін ананың әр бала 3 жасқа толғанға дейінгі күтімі (барлығы 12 жылға дейін) есептеледі.
Қағиданың 1 параграфының 6 тармағына сәйкес жасына байланысты зейнетақы төлемдерiн есептеу үшiн Қазақстан Республикасына тарихи отанында тұрақты тұру мақсатында келген этникалық қазақтардың шығу мемлекетіндегі еңбек қызметін растайтын құжат ұсынылады және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жария етуге жатады.
Еңбек өтілін растайтын құжаттағы қолдардың түпнұсқалығын, құжатқа қол қойған адамның кiм екендiгiн және тиiстi жағдайларда бұл құжат бекiтiлген мөрдiң немесе мөртаңбаның түпнұсқалылығын куәландыру үшiн талап етiлуi мүмкiн болатын бiрден-бiр шарттылық бұл құжат жасалған елдің құзыреттi органының апостильдi қоюы болып табылады.
22 қазан 2026
22 қазан 2026