Бала туғанда берілетін және бала күтімі жөніндегі жәрдемақыны тағайындауға өтініш беру мерзімі қандай?

Информационный баннер «Вопрос-ответ» с портретом главного специалиста Ерназарбек Аяулым Валиханкызы.
  1. Сұрақ: Бала туған кезде берілетін жәрдемақының мөлшері қанша?

Жауап: 2026 жылы бала тууына байланысты біржолғы жәрдемақы мөлшері баланың туу кезектілігіне байланысты есептеледі.

Бірінші, екінші, үшінші балаға берілетін жәрдемақы 38 АЕК (айлық есептік көрсеткіш) немесе 164 350 теңге;төртінші және одан кейінгі балаларға – 63 АЕК немесе 272 475 теңге.

Бала 1,5 жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты төленетін жәрдемақы ай сайын келесідей мөлшерде төленеді:

- бірінші балаға - 5,76 АЕК немесе 24 912 теңге;

- екінші балаға - 6,81 АЕК немесе 29 454теңге;  

- үшінші балаға - 7,85 АЕК немесе 33 952 теңге;  

- төртінші және одан кейінгі  балаларға - 8,90 АЕК немесе 38 493 теңге.

  1. Сұрақ: Бала тууына байланысты жәрдемақыға өтініш беру мерзімі қандай?

Жауап: Бала туған күннен бастап 18 айдан кешіктірмей өтініш беру қажет.

  1. Сұрақ:Республикалық бюджеттен бала күтіміне байланысты жәрдемақы кімге тағайындалады?

Жауап: Жұмыс істемейтін ата-анаға немесе бала күтімін жүзеге асыратын адамға заңнамада белгіленген тәртіппен республикалық бюджеттен мемлекеттік-әлеуметтік жәрдемақы тағайындалады.

  1. Сұрақ: Жәрдемақыға өтінішті қайда беруге болады?

Жауап: www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы;

«Отбасының цифрлық картасы» проактивті жүйесі;

Екінші деңгейлі банк қосымшалары арқылы.

  1. Сұрақ: Жәрдемақы тағайындалғанын қалай тексеруге болады?

Жауап: Электрондық қызметтер арқылы өтініштің мәртебесін тексеруге болады, сондай-ақ төлем тағайындалғаны туралы 1414 смс хабарлама келеді.

 

 

 

 

Жарияланған күні

21 қыркүйек 2026

Жаңарту күні

21 қыркүйек 2026