Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдарды лицензиялау

Арнаулы әлеуметтік қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыру мемлекеттік әлеуметтік саясаттың басым бағыттарының бірі болып табылады.
Көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігіне қойылатын бірыңғай талаптарды қамтамасыз ету мақсатында 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдардың қызметін міндетті лицензиялау енгізілді.
Меншік нысанына қарамастан, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін барлық ұйымдар лицензиялауға жатады.
Лицензия алу үшін ұйымдар белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес келуі тиіс. Атап айтқанда, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге жарамды, санитариялық нормалар мен өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкес келетін ғимараттар мен үй-жайлардың, қажетті материалдық-техникалық базаның және штаттағы қызметкерлердің болуы талап етіледі. Сонымен қатар ғимараттың жүріп-тұруы шектеулі адамдар мен халықтың басқа да мобильдігі төмен топтары үшін кедергісіз әрі қауіпсіз болуына жағдай жасалуы қажет.
Лицензия алуға өтінім электрондық түрде Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы беріледі: aleumet.egov.kz.
Міндетті лицензиялауды енгізу арнаулы әлеуметтік қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыруға, қызмет алушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және белгіленген талаптардың сақталуына мемлекеттік бақылауды күшейтуге бағытталған.
Лицензиялау мүмкіндігі шектеулі адамдарды және қызмет алушылардың басқа да санаттарын әлеуметтік оңалтудың тиімділігін арттыруға, көрсетілетін қызметтердің сапасын жетілдіруге, сондай-ақ осы саладағы бұзушылықтар санын азайтуға ықпал етеді.
Жаңалықтар
Барлық жаңалықПайдалы ақпарат
Барлық ақпаратты оқыңыз- 02 қыркүйек 2026Пайдалы ақпаратӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ «ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП»
- 28 тамыз 2026АқпаратАрнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдарды лицензиялау
- 28 тамыз 2026АқпаратСәйкестік туралы декларацияға қол қою
Медиагалерея
Бағыт бойынша барлық медиагалерея
0001 қазан 2026Мемлекеттік органға электрондық өтініш беру тәртібі
Жиі қойылатын сұрақтар
Барлығын көруЛицензиялау — ұйымның арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету үшін белгіленген біліктілік талаптарына сәйкестігін мемлекеттік растау рәсімі.
2025 жылғы 1 қаңтардан бастап халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдарды лицензиялау міндетті болып табылады.
Негізгі нормативтік құқықтық актілер:
- Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2024 жылғы 28 маусымдағы № 230 «Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге лицензия беру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы;
- Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2024 жылғы 27 маусымдағы № 222 «Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге қойылатын біліктілік талаптары мен құжаттар тізбесін бекіту туралы» бұйрығы;
- Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 22 маусымдағы № 230 «Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдар қызметінің қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы.
Лицензия алуға өтініш электрондық түрде Әлеуметтік қызметтер порталы (aleumet.egov.kz) арқылы беріледі.
