Медициналық-әлеуметтік сараптаманың әдіснамалық және бақылау бөлімінің бас маманы Қарағанды қаласы
Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаменті
Қарағанды облысы
108306 - 146177
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
Қосымша талаптар
«Мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңын білуі
Функционалды міндеттер
Медициналық – әлеуметтік сараптаманың аумақтық бөлімдерінің (бұдан әрі – МӘСБ) сараптамалық қорытындысына шағымданған адамдарды қайта куәландыруды жүргізуге дауыс беру құқығымен тікелей қатысады. МӘСБ -ның шығарылған сараптамалық қорытындыларының негізділігі тұрғысынан науқастар мен мүгедектерді бақылау куәландыру рәсіміне дауыс беру құқығымен қатысады. Мүгедектікті, еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеу, мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламасын қалыптастыру бойынша Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына тұрақты негізде мониторинг жүргізеді. Медициналық - әлеуметтік сараптама және мүгедектерді оңалту мәселелері бойынша денсаулық сақтау ұйымдары мен МӘСБ мамандарына консультациялық, әдістемелік көмек көрсетуді жүзеге асыруға қатысады. Медициналық ұйымдардың және әлеуметтік қорғау органдарының ОЖБ медициналық, әлеуметтік және кәсіптік бөлігінің облыс бойынша уақтылы орындалуы мәселесі бойынша жүйелі бақылауды жүзеге асырады. Облыс бойынша МӘСБ қызметінің негізгі көрсеткіштері бойынша тоқсандық және жиынтық жылдық есептерді жасауға тікелей қатысады. Ведомствоішілік және ведомствоаралық деңгейлерде медициналық-әлеуметтік сараптаманың әртүрлі мәселелері бойынша кеңестерді дайындауға және ұйымдастыруға, облыс әкімі жанындағы мүгедектер істері бойынша Үйлестіру кеңесіне қатысады. Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы халықтың қалың жіктерімен тұрақты түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасы Заңының, мемлекеттік қызметшінің жалпы қабылданған этикасы мен этикасының, сондай-ақ департаменттің ішкі тәртіп қағидаларының талаптарын сақтайды. Департамент басшылығы жүктеген өзге де міндеттерді жүзеге асырады.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 12.06.2020
- г. Караганда, ул Ермекова 73
-
8/7212/430202