Медициналық-әлеуметтік сараптаманың әдіснамалық және бақылау бөлімінің бас маманы

Мемлекеттік орган

Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаменті

Аймақ

Қарағанды облысы

Санат

C-O-5 (Бас маман)

Орташа лауазымдық айлықақы

108306 - 146177

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Қоғамдық денсаулық сақтау
  • Дәрігерлік емдеу ісі
  • Жалпы медицина

Қосымша талаптар

«Мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңын білуі

Функционалды міндеттер

Медициналық – әлеуметтік сараптаманың аумақтық бөлімдерінің (бұдан әрі – МӘСБ) сараптамалық қорытындысына шағымданған адамдарды қайта куәландыруды жүргізуге дауыс беру құқығымен тікелей қатысады.  МӘСБ -ның шығарылған сараптамалық қорытындыларының негізділігі тұрғысынан науқастар мен мүгедектерді бақылау куәландыру рәсіміне дауыс беру құқығымен қатысады. Мүгедектікті, еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеу, мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламасын қалыптастыру бойынша Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына тұрақты негізде мониторинг жүргізеді. Медициналық - әлеуметтік сараптама және мүгедектерді оңалту мәселелері бойынша денсаулық сақтау ұйымдары мен МӘСБ мамандарына консультациялық, әдістемелік көмек көрсетуді жүзеге асыруға қатысады. Медициналық ұйымдардың және әлеуметтік қорғау органдарының ОЖБ медициналық, әлеуметтік және кәсіптік бөлігінің облыс бойынша уақтылы орындалуы мәселесі бойынша жүйелі бақылауды жүзеге асырады.  Облыс бойынша МӘСБ қызметінің негізгі көрсеткіштері бойынша тоқсандық және жиынтық жылдық есептерді жасауға тікелей қатысады. Ведомствоішілік және ведомствоаралық деңгейлерде медициналық-әлеуметтік сараптаманың әртүрлі мәселелері бойынша кеңестерді дайындауға және ұйымдастыруға, облыс әкімі жанындағы мүгедектер істері бойынша Үйлестіру кеңесіне қатысады. Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы халықтың қалың жіктерімен тұрақты түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасы Заңының, мемлекеттік қызметшінің жалпы қабылданған этикасы мен этикасының, сондай-ақ департаменттің ішкі тәртіп қағидаларының талаптарын сақтайды. Департамент басшылығы жүктеген өзге де міндеттерді жүзеге асырады.

Жарияланған күні: 12.05.2020

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

13.05.2020 – 15.05.2020
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

    Құжаттарды жіберу

    Сұхбаттасу күні

    20.05.2020

    Сұхбаттасу орны

    Ермеков көшесі 73, Қарағанды қаласы

    Анықтама алу үшін байланыс

    8/7212/430202