Медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімінің бас маманы "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек және әлеуметтік қорғау Комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаменті" РММ (4 бірлік)
Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитеті
Қарағанды облысы
212061
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
Функционалды міндеттер
Мүгедектікті, мүгедектік себептерін, еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеу, мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламасын (бұдан әрі-ОЖБ) қалыптастыру, медициналық – әлеуметтік сараптама актілерін және басқа да сараптамалық құжаттарды ресімдеу бойынша Мемлекеттік, оның ішінде композиттік қызметтер көрсету кезінде дауыс беру құқығымен тікелей қатысады. Мүгедектерді куәландыру деректерін МОДҚ ААЖ-ға енгізеді. Қызмет көрсетілетін аумақтағы науқастар мен мүгедектер үшін медициналық - әлеуметтік сараптаманың және оңалтудың әртүрлі мәселелері бойынша денсаулық сақтау ұйымдарының мамандарына әдістемелік көмекті жүзеге асыруға қатысады. Қызмет көрсетілетін аумақ бөлінісінде медициналық ұйымдар мен әлеуметтік қорғау органдарының ОЖБ-ның медициналық, әлеуметтік және кәсіптік бөлігін уақтылы орындау мәселесі бойынша мониторинг жүргізеді. ММС қызметінің негізгі көрсеткіштері бойынша тоқсандық және жиынтық жылдық есептерді жасауға қатысады. Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы халыққа кеңінен түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Құзыретіне жататын мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды. Департаменттің тапсырмасы бойынша сотта және басқа да ұйымдарда мүгедек адамдарды медициналық-әлеуметтік сараптау және оңалту мәселелері бойынша өкілдік етуді жүзеге асырады. Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы заңнаманы түсіндіреді.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 27.03.2023
- Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, 010000, Астана қаласы, Министрліктер үйі, Мәңгілік ел даңғылы, 8-үй, 6 кіреберіс, техникалық жазба құралдарын қолдануымен өткізіледі (ZOOM бағдарламасы)
-
8 (7172) 74-35-42