Жезқазған, Сәтпаев қалаларының бақылау объектілерінде халықтың қимылы шектеулі топтары үшін әлеуметтік және көлік инфрақұрылымы объектілеріне кедергісіз қол жеткізу мәселесі бойынша жүргізілген профилактикалық бақылау туралы ақпарат

 «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» және «Арнайы әлеуметтік қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының заңдарының талаптарының сақталуы бойынша ағымдағы жылдың 13-14 қазан аралығында Енбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімінің бас маманы  З.Е.Төлешевамен  "Жезқазған қаласының мемлекеттік архиві" КММ, "Жезқазған қаласының көпбейінді ауруханасы" КМК, "Жезқазған технология және сервис колледжі" КММ, "Тау-кен металлургиялық  колледжі" КММ, "Сәтпаев қаласының №1 орталық ауруханасы" КМК, "Сәтпаев индустриалдық колледжі" КММ, "Сәтпаев қаласының емханасы" КМК -де профилактикалық бақылау жүргізілді.

Өткізілген профилактикалық бақылаудың нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жоюдың мерзімі туралы нұсқама берілді.

Сонымен қатар, 14 қазанда «Сәтпаев қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ-де халықтың қимылы шектеулі топтары үшін әлеуметтік және көлік инфрақұрылымы объектілеріне кедергісіз қол жеткізу мәселесі бойынша жиналыс өткізілді.

Жиналысқа қатысқандар: «Сәтбаев қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-нің, "Жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі" ММ-нің  мамандары, жеке кәсіпкерлер, барлығы 12 адам.

Кеңесте халықтың қимылы шектеулі топтары үшін қолжетімділік сұрақтары бойынша, «Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы», Заңының  25 бабын, " Қазақстан Республикасының құрылыс нормалары ҚР 3.06-01-2011 "Тез бейімделмейтін топтар үшін ғимараттар мен имараттардың қолжетімділігі», ережелер Жинағы  ҚР 3.06-101-2012 "Ғимараттар мен имараттарды халықтың қимылы шектеулі топтары үшін қолжетімділіктің есебімен жобалау. Жалпы ережелер" заң нормаларын қолдану бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Сонымен қоса, әлеуметтік және көлік инфрақұрылымы объектілеріне мүгедектердің кедергісіз қол жеткізуіне жағдай жасауға, мүмкіндігі шектеулі жандарға шектеусіз орта жасау қажеттілігі бойынша ұсыныстар берілді.