Зейнетақымен қамтамасыз ету және әлеуметтік сақтандыру

Зейнетақымен қамтамасыз ету және әлеуметтік сақтандыру

Функционалдық міндеттерге сәйкес, Департаменттің қызметінің негізгі бағыттарының бірі республикалық бюджет қаражатынан зейнетақы және мемлекеттік әлеуметтік төлемдерді тағайындау болып табылады.

Зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімдерінің келесідей функцияларды атқарады:

1) өз өкілеттіктері шегінде зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы заңнаманың сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

2) мақсаты бойынша Мемлекеттік қызметтер көрсету:

- жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау;

- мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындау;

- мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды тағайындау;

- асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды тағайындау;

- мемлекеттік арнайы жәрдемақыларды тағайындау;

- арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау;

- мүгедек баланы тәрбиелеуге жәрдемақылар;

- бірінші топтағы мүгедектігі бар адамға күтім жасайтын адамдарға берілетін мемлекеттік жәрдемақы;

- бала туғанда берілетін және бала күтіміне байланысты жәрдемақы;

- жерлеуге арналған біржолғы төлемдер;

- Қазақстан Республикасының азаматтарына ай сайынғы төлемдер түріндегі әлеуметтік көмекті тағайындау жұмыскерлердің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу жөніндегі төлемдерді капиталдандыру кезеңі аяқталғаннан кейін;

- банкроттық салдарынан таратылған заңды тұлғалардың қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу жөніндегі төлемдерді капиталдандыру кезеңі аяқталғаннан кейін Қазақстан Республикасының азаматтарына ай сайынғы төлемдер түріндегі әлеуметтік көмек;

      - марапатталған аналарға жәрдемақыны есептеу;

      - «Көп балалы отбасына» жәрдемақы тағайындау;

      - арнаулы кәсіптік мемлекеттік жәрдемақы тағайындау;

      3) төлемнің уақтылығы мен толықтығына бақылауды жүзеге асыру;

      4) «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясынан зейнетақы және мемлекеттік әлеуметтік төлемдерді тағайындау үшін қажетті құжаттардың дұрыстығын тексеру;

      5) зейнетақы және мемлекеттік әлеуметтік төлемдерді тағайындау және алу мәселелері бойынша түсініктеме;

      6) сот істеріне қатысу.

      Зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімдері әлеуметтік төлемдерді уақтылы және дұрыс тағайындау, әлеуметтік төлемдерді алушыға Мемлекеттік корпорацияның уақтылы және толық аудару бөлігінде әлеуметтік қамсыздандыру, оның ішінде зейнетақымен қамсыздандыру және міндетті әлеуметтік сақтандыру саласында профилактикалық бақылау мен тексеруді жүзеге асырады.

Жиі қойылатын сұрақтар

Барлығын көру

Егер Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасы азаматтарының, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың:

1) мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі;

2) жасына байланысты зейнетақы төлемдері;

3) еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдері;

4) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы төлемдері;

5) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы төлемдері;

6) зейнетақы аннуитеті шарттары бойынша сақтандыру ұйымдарынан сақтандыру төлемдері түріндегі зейнетақымен қамсыздандырылуға құқығы бар.

Бір мезгілде жасына байланысты зейнетақы төлемдерінің немесе еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерінің тағайындалуына құқығы бар адамдарға олардың қалауы бойынша зейнетақы төлемдерінің осы түрлерінің біреуі тағайындалады.

Базалық зейнетақы төлемі зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне байланысты (зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі – бұл 1998 жылғы 1 қаңтарға дейінгі еңбек өтілі және 1998 жылғы 1 қаңтардан кейінгі жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысудың нақты өтілі).

Міндетті жарналарды жүзеге асыру кезеңі міндетті зейнетақы жарналарын аудару туралы орталықтандырылған деректер базасының мәліметтерімен расталады.

Зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі 10 және одан аз жыл болған кезде базалық зейнетақы төлемінің мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінің (бұдан әрі – ЕТКД) 60% - на 10 жылдан асқан әрбір жыл үшін базалық зейнетақы мөлшері 2% – ға ұлғаяды, бірақ ЕТКД - дан 100% аспайды (2023 жылғы ЕТКД - 40 567 теңге).

Зейнетақы төлемі (ынтымақты) еңбек өтіліне (1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша кемінде 6 ай қажет) және 1998 жылғы 1 қаңтардан бастап жұмыс үзілістеріне қарамастан кез келген үш жыл қатарынан орташа айлық табысқа байланысты.

Жасына байланысты зейнетақы төлемдерін есептеу үшін кіріс республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің (бұдан әрі - АЕК) 55 еселенген мөлшерінен аспауға тиіс (2023 жылғы АЕК – 3 450 теңге).

Еңбек өтілі еңбек кітапшасымен расталады, ал еңбек кітапшасы немесе онда тиісті жазбалар болмаған кезде жұмысы туралы мәліметтерді растайтын құжаттар не соттың шешімі негізінде белгіленеді.

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін зейнетақы төлемдері азаматтардың жеке зейнетақы жинақтарынан төленеді және жинақталған қаражат көлеміне байланысты болады.

Қазіргі уақытта жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау ерлерге 63 жасқа толғанда, әйелдерге 58 жасқа толғанда жүргізіледі.

5 және одан көп бала туған (асырап алған) және оларды сегіз жасқа дейін тәрбиелеген әйелдердің 53 жасқа толғанда жасына байланысты зейнетақы төлемдерін алуға құқығы бар.

Зейнетақы аннуитеті шарттары бойынша сақтандыру ұйымдарынан төленетін сақтандыру төлемдеріне азаматтар сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитеті шартын жасасу кезінде және жасына жеткенде – ерлердер 55 жасқа, әйелдер 53 жасқа толғанда құқылы.