Медициналық-әлеуметтік сараптаманың әдіснама және бақылау бөлімінің бас маманы, С-О-5 санаты, 1 бірлік.
Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитеті
Алматы қаласы
212061
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
Функционалды міндеттер
Медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімінің басшылары мен бас мамандарына кеңестік-әдістемелік көмек көрсету, шешімдердің дұрыстығын бақылау мақсатында медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімдерінің куәландырылған актілерді тексеруді бақылау, медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімдерінің мүгедектер мен науқастарды қабылдау тәртібі бойынша шағым жасалған шешімдеріне ұйымдастыру қабілеті, еңбек қабілеттілігін қалпына келтіру бойынша шараларды анықтау, мүгедектің денсаулығына мүмкіндік беретін, еңбектің сипаты мен жағдайын анықтау, мүгедектіктің басталу уақыты, себептері, тобын анықтауды, еңбек қабілеттілігінің жағдайы туралы сараптамалық шешім шығару, мүгедектіктің алдын-алу, мүгедектерді медициналық-әлеуметтік сауықтыру және медициналық-әлеуметтік сараптама мәселелері жөнінде ұйымдарда және халықтың арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізу, өз құзыры шеңберінде Қазақстан Республикасының заңнамаларымен, нормативтік құқықтық актілерімен, бөлім туралы ережемен және лауазымдық нұсқаулықпен белгіленген басқа да өкілеттіктерді жүзеге асыру.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 17.06.2022
- техникалық жазба құралдарын қолдануымен өткізіледі (ZOOM бағдарламасы)
-
74-35-42