Алматыда оңалту саласындағы заманауи технологиялар таныстырылды

Жарияланған күні: 26 қазан 2026

Алматыда өткен республикалық ғылыми-практикалық конференцияда мүгедектігі бар адамдардың өмір сапасын жақсартуға бағытталған инновациялық шешімдер таныстырылды.

Қазақстандық және шетелдік мамандар бионикалық протездер, 3D-технологиялар және балаларды оңалтудың жаңа әдістерін талқылады.

Сондай-ақ еліміздің шалғай өңірлерінде тұратын, есту қабілеті бұзылған балаларға онлайн форматта оңалту көмегін көрсету жобасына ерекше назар аударылды. Қазіргі таңда жоба бес өңірде жүзеге асырылып, жыл соңына дейін оның ауқымын кеңейту жоспарланып отыр.

▶️ Толығырақ Qazaqstan.tv телеарнасының сюжетінде.