Әлеуметтік қызметкерлер

Жарияланған күні: 22 қазан 2026

Әлеуметтік қызметкерлер күн сайын көмекке мұқтаж жандардың жанынан табылып, олардың өмірін жеңілдетуге атсалысады. Әсіресе, қарттардың жағдайын сұрап, көңілін аулап, қамқорлық көрсету – үлкен мейірім мен сабырды қажет ететін жұмыс.

Қазақстанда Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің күні қазан айының соңғы жексенбісінде аталып өтеді. Биыл мереке 25 қазанға Республика күніне сәйкес келеді. Елімізде әлеуметтік қызмет саласында 40 мыңнан астам маман еңбек етеді. Оның 12 мыңнан астамы – әлеуметтік қызметкерлер.

«Шарапат» әлеуметтік қызмет көрсету орталығында 17 жылдан астам уақыт еңбек етіп келе жатқан Нұргүл Елемесқызы үшін бұл мамандықтың орны ерекше. Ол әр қарияға өз ата-анасындай қарап, қолынан келгенше көмектесуге тырысады. Ал қариялардың алғысы мен ақ батасын алу – кейіпкеріміз үшін ең үлкен бақыт.

▶️ Нұргүл Елемесқызы неге осы мамандықты таңдады және әлеуметтік қызметкер болу үшін қандай қасиеттер қажет? Толығырақ бейнематериалдан көріңіздер.