ҚР ЕХӘҚМ Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті бас маман - заң кеңесшісі (негізгі қызметкердің бала күту демалысы мерзіміне 2026 жылғы 29 қаңтарға дейін, негізгі жұмыскердің осы мерзімнің аяқталуына дейін жұмысқа шығу құқығымен)

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау Комитетінің Ақтөбе облысы бойынша Департаменті

Аймақ

Ақтөбе облысы

Санат

С-О-5 санаты

Орташа лауазымдық айлықақы

208062

Жалпы біліктілік талаптары

С-О-5 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім

Мамандығы

  • Құқықтану
  • Халықаралық құқық

Қосымша талаптар

Блок B

Функционалды міндеттер

Басшыға қол қоюға берілген бұйрықтар жобаларының заңнама талаптарына сәйкестігіне бақылауды, оның ішінде оларға виза қоюды жүзеге асыру; сотта, сондай – ақ басқа да ұйымдарда құқықтық мәселелерді қарау кезінде белгіленген тәртіппен Департаменттің мүдделерін білдіруді қамтамасыз етеді; Департаменттің кінәрат – талаптық жұмысын жүргізуді, сот органдарында кінәрат, талаптық міндеттерді қарау кезінде анықталған Департамент қызметінің кемшіліктеріне ұсыныстарды әзірлеуді және жоюды, оларды басшылыққа ұсынуды ұйымдастырады; айқындалған сыбайлас жемқорлық және өзге де құқық бұзушылық туралы дайындалған материалдардан заңды қорытынды дайындау; сотта әкімшілік тәжірибені жүргізу; әкімшілік материалдарды қарау, қол қою және шағым арыз беру; Департаменттің құрылымдық бөлімшелерінің құқықтық жұмыстарын басшылыққа алатын әдістемелік жөніндегі жұмысты ұйымдастырады; Департаменттегі құқықтық жалпыға міндетті оқуды қамтамасыз етеді; Департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарауды және оларға жауап беруді жүргізеді; мемлекеттік сатып алу жөніндегі комиссия жұмысына қатысады; Департаменттің, Комитеттің басшысының нұсқауларын, өкімдерін және бұйрықтарын уақытында орындауды және тоқсан сайын Комитетке Департамент бойынша азаматтық істердің қозғалысы туралы есепті дайындауды қамтамасыз етеді. Департаменттің басшылығымен жүктелген өзге де міндеттер.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 21.07.2023

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

24.07.2023 – 01.08.2023
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

04.08.2023

Сұхбаттасу орны

техникалық жазба құралдарын қолдануымен өткізіледі (ZOOM бағдарламасы)

Анықтама алу үшін байланыс

8 (7172) 74-34-40