ҚР ЕХӘҚМ Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті медициналық-әлеуметтік сараптаманың әдіснама және бақылау бөлімінің бас маманы

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау Комитетінің Ақтөбе облысы бойынша Департаменті

Аймақ

Ақтөбе облысы

Санат

С-О-5 санаты

Орташа лауазымдық айлықақы

236338

Жалпы біліктілік талаптары

С-О-5 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім

Мамандығы

  • Жалпы медицина

Қосымша талаптар

Блок А

Функционалды міндеттер

Мүгедектік тобын, оның себептерін, мерзімін, мүгедектіктің басталған уақытын, еңбек қабілетінен айрылу дәрежесін, организм функцияларының бұзылуы және тіршілік – тынысының  шектелуі дәрежесіне қарай «мүгедек бала» санатын айқындауға, мүгедектерді оңалтуға, мүгедектердің куәландыру актілерін рәсімделуіне, оңалту жеке бағдарламаларын, статистикалық талондарды, хаттамалар журналдарын және Департаменттің медициналық – әлеуметтік сараптама (бұдан әрі – МӘС бөлімдерімен) бөлімдерімен басқа да құжаттардың толтырылуына бақылау жасауды жүзеге асыру. Департамент басшысы орынбасарының қатысуымен МӘС бөлімдерінің қорытындыларына шағымдану бойынша тұлғаларға қайта куәландыруды жүргізу. Облыс бойынша мүгедектікті талдау, МӘС – тің жұмысын жақсарту бойынша іс – шаралар әзірлеу; МӘС бөлімдерінің мамандарына, медициналық ұйымдардың дәрігерлеріне МӘС және мүгедектерді оңалту мәселелері жөнінде консультативтік, әдістемелік көмек көрсету; мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламаларын әзірлеу және түзету, олардың орындалу тиімділігін бақылау; № 7 нысаны бойынша жылдық жиынтық есебін, тоқсандық есептерді және басқа да ақпараттық – статистикалық құжаттарды жасау.Өз құзыреті шегінде, мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы және арнайы әлеуметтік қызметтерді көрсету саласындағы заңнамалардың сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру. Департаменттің тапсырмасы бойынша соттарда және өзге де ұйымдарда медициналық – әлеуметтік сараптама және мүгедектерді оңалдыру мәселелері бойынша оның өкілі болу. БАҚ арқылы заңнамаға түсініктеме беру.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 21.07.2023

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

24.07.2023 – 01.08.2023
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

04.08.2023

Сұхбаттасу орны

техникалық жазба құралдарын қолдануымен өткізіледі (ZOOM бағдарламасы)

Анықтама алу үшін байланыс

8 (7172) 74-34-40