Ақтөбе облысында ТСР беру бойынша қайтарымды модель пилоттық жобасы іске қосылды
2026 жылғы 1 шілдеден бастап Ақтөбе облысында техникалық оңалту құралдарын (ТОҚ) қайтарымды модель бойынша ұсыну жөніндегі пилоттық жоба іске қосылды.
Пилоттық жобаның негізгі мақсаты – мүгедектігі бар адамдарды (МБА) қажетті техникалық оңалту құралдарымен қамтамасыз ету, оларды кейіннен қайта пайдалану, техникалық қызмет көрсету және жөндеу үшін қорға қайтару мүмкіндігін қарастыру. Бұл қолда бар ТОҚ қорын тиімді пайдалануға және оларды басқа да мұқтаж азаматтарға қолжетімді етуге мүмкіндік береді.
2026 жылғы 1 шілдеден 30 қыркүйекке дейінгі кезеңде пилоттық жоба шеңберінде ТОҚ қоры қалыптастырылып, МБА-ға консультация беру, арнайы техникалық сараптама (АТС) жүргізу, ТОҚ беру, қайтару және жөндеу бойынша жұмыстар ұйымдастырылды.
- ТОҚ қорының құрамы
2026 жылғы 30 қыркүйектегі жағдай бойынша қорда 35 бірлік ТОҚ болды, оның ішінде:
|
ТОҚ түрі |
Барлығы |
Ересектер |
Балалар |
|
Кресло-арбалар |
21 |
13 |
8 |
|
Жүріп-тұруға арналған құралдар (ходунки) |
14 |
2 |
12 |
|
Барлығы |
35 |
15 |
20 |
Осылайша, қор 21 кресло-арбадан және 14 жүріп-тұруға арналған құралдан қалыптастырылды. Балаларға арналған ТОҚ саны – 20 бірлік, ересектерге арналғаны – 15 бірлік.
- МБА-мен жұмыс
Есепті кезеңде МБА-ны ақпараттандыру және консультация беру жұмыстары СМС-хабарламалар және өздігінен жүгіну арқылы жүргізілді.
Қолда бар мәліметтерге сәйкес:
* СМС-хабарламалар бойынша қамтылған МБА саны – 65 адам;
* өздігінен жүгінген МБА саны – 16 адам, оның ішінде ересектер – 15, балалар – 1;
* АТС жүргізусіз өткізілген консультациялар саны – 26, оның ішінде ересектер – 22, балалар – 4;
* жүргізілген АТС/ресімделген хаттамалар саны – 25, оның ішінде ересектер – 19, балалар – 6;
* тифло-сурдо құралдары бойынша консультациялар – 2, екі консультация да ересек МБА-ға көрсетілді.
Сонымен қатар, есепті кезеңде:
* 2 жағдайда ТОҚ мерзімінен бұрын берілді – екеуі де балаларға;
* 1 өтінім бойынша бас тарту тіркелді – ересек МБА бойынша;
* пилоттық жобаға қатысудан бас тартқан МБА саны – 0.
Жобаға қатысудан бас тарту жағдайларының болмауы ТОҚ алуға өтініш білдірген МБА арасында ұсынылып отырған модельдің сұранысқа ие екенін көрсетеді.
- ТОҚ беру
Пилоттық жобаны іске асыру кезеңінде қордан МБА-ға 18 бірлік ТОҚ берілді, оның ішінде:
* ересектерге – 13 бірлік;
* балаларға – 5 бірлік.
Осылайша, есепті кезеңде қалыптастырылған ТОҚ қорының жартысынан астамы сұранысқа ие болып, пайдалануға берілді.
- ТОҚ жөндеу және қалпына келтіру
Пилоттық жоба шеңберінде қайтарылған және пайдаланудағы ТОҚ-тың техникалық жай-күйін қалпына келтіру бойынша жұмыстар жүргізілді.
Есепті кезеңде жөндеудің келесі түрлері жүргізілді:
|
Жөндеу түрі |
Барлығы |
Ересектер |
Балалар |
|
Ұсақ жөндеу |
2 |
2 |
0 |
|
Орташа жөндеу |
11 |
10 |
1 |
|
Күрделі жөндеу |
0 |
0 |
0 |
|
Барлығы |
13 |
12 |
1 |
Барлығы 13 бірлік ТОҚ жөндеуден өткізілді, оның ішінде 2 бірлікке ұсақ жөндеу және 11 бірлікке орташа жөндеу жүргізілді.
Есепті кезеңде күрделі жөндеу жүргізу қажеттілігі тіркелген жоқ.
Жөндеу жұмыстарын жүргізу ТОҚ-тың пайдалану мерзімін ұзартуға, оларды тиісті техникалық жағдайда ұстауға және кейіннен қайта беруге мүмкіндік береді.
- Пилоттық жобаның негізгі нәтижелері
2026 жылғы 1 шілдеден 30 қыркүйекке дейінгі жұмыс қорытындысы бойынша пилоттық жобаның негізгі нәтижелері:
- Ақтөбе облысында 35 бірлік қайтарымды ТОҚ қоры қалыптастырылды.
- Қордан МБА-ға 18 бірлік ТОҚ берілді, оның ішінде ересектерге – 13, балаларға – 5 бірлік.
- 13 бірлік ТОҚ-қа жөндеу жұмыстары жүргізілді, оның ішінде 2 ұсақ және 11 орташа жөндеу.
- 25 АТС жүргізілді/хаттама ресімделді.
- 26 АТС жүргізусіз консультация өткізілді.
- 16 МБА-ның өздігінен жүгінуі тіркелді.
- СМС-хабарламалар арқылы жоба туралы ақпарат 65 МБА-ға жеткізілді.
- Тифло-сурдо құралдары бойынша 2 консультация өткізілді.
- Балаларға 2 жағдайда ТОҚ мерзімінен бұрын берілді.
- Ересек МБА бойынша 1 өтінімге бас тарту тіркелді.
- МБА-ның пилоттық жобаға қатысудан бас тарту жағдайлары тіркелген жоқ.
Ақтөбе қ., Бөкенбай батыр көшесі, 133/1, телефон: 8 707 992 94 75
www.kazto.kz