Жалған құжат ұсынуға жол бермеңіз!

Жалған құжат ұсынуға жол бермеңіз!

Құрметті азаматтар!

Мүгедектікті белгілеу кезінде медициналық-әлеуметтік сараптамаға ұсынылатын медициналық құжаттар мен мәліметтердің шынайы болуы өте маңызды.

Медициналық-әлеуметтік сараптама адамның денсаулық жағдайын, ағза функцияларының тұрақты бұзылуын және тіршілік-әрекетінің шектелу дәрежесін жан-жақты бағалау негізінде жүргізіледі.

Сондықтан мүгедектік белгілеу мақсатында медициналық құжаттарға әдейі жалған мәлімет енгізу, жалған құжат ұсыну немесе денсаулық жағдайы туралы шындыққа сәйкес келмейтін ақпарат беру — заң талаптарына қайшы.

Егер медициналық құжаттардың дұрыстығына күмән туындаса, олар белгіленген тәртіппен қайта тексерілуі мүмкін.

Сол себепті медициналық-әлеуметтік сараптамаға тек нақты, толық және расталған медициналық құжаттарды ұсынуды сұраймыз.

Құқығыңызды біліңіз. Заң талаптарын сақтаңыз.

Заң және тәртіп — баршамызға ортақ жауапкершілік.

#Заңжәнетәртіп
#Еңбекжәнехалықтыәлеуметтікқорғау
#Законипорядок
#Министерствотрудаисоциальнойзащитынаселения
#Ақтөбеоблысы
#Ақтөбеоблысыбойыншадепартамент