ҚЫЗМЕТ АЛУШЫЛАР КҮНІ» ӨТКІЗІЛДІ

Жарияланған күні: 09 қазан 2026

🔷 Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істер агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен №3 қалалық емханада «Қызмет алушылар күні» жобасы аясында азаматтарға мемлекеттік қызметтерді алу тәртібін түсіндіруге бағытталған іс-шара өткізілді.

🔷 Іс-шараға Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Ақтөбе облысы бойынша Департаменті басшысының орынбасары Б.Е. Әшімов және Зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің бас маманы С.И. Сапабекова қатысты.

🔷 Кездесу барысында әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы мемлекеттік қызметтерді алу тәртібі, қажетті құжаттар және азаматтарға көрсетілетін қызметтердің ерекшеліктері бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

🔷 Сонымен қатар, Департамент өкілдері азаматтардың сұрақтарына жауап беріп, әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтер бойынша қажетті кеңестер берді.

🔷 Іс-шараның басты мақсаты — азаматтардың мемлекеттік қызметтер туралы хабардарлығын арттыру, қызмет алу тәртібін түсіндіру және халықпен тікелей кері байланысты қамтамасыз ету.