🌿 1 қазан – Қарттар күні

🌿 1 қазан – Қарттар күні

1 қазан – аға буынға құрмет көрсетіп, олардың өмірлік тәжірибесі мен қоғамның дамуына қосқан үлесін бағалайтын ерекше күн. Осы айтулы күнде Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінде ұзақ жылдар бойы әлеуметтік қорғау саласында абыроймен еңбек етіп, өз үлестерін қосқан, ал бүгінде бейнеттің зейнетін көріп отырған ардагерлерге құрмет көрсетілді. 🌷 Адамдарға қызмет ету жолындағы көпжылдық еңбектері мен өз ісіне деген адалдығы үшін ардагерлерімізге шынайы алғысымызды білдіреміз. Сіздердің еңбектеріңіз бен өмірлік тәжірибелеріңіз – өскелең ұрпақ үшін лайықты үлгі-өнеге. Әрқайсысыңызға мықты денсаулық, отбасылық бақ-береке, ұзақ ғұмыр, бейбітшілік пен жақсылық тілейміз! ❤️ Үлкенге құрмет – болашақ ұрпаққа үлгі!

Оқиға күні

05 қазан 2026

Оқиға түрі

Құттықтау