Қонжар Әнуарбек Жеңісұлы
"Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау Комитетінің Ақтөбе облысы бойынша Департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі Департамент басшысы
Жалпы ақпарат, білімі
1981 жылғы 15 тамызда Ақтөбе облысының Алға ауданы Қарабұлақ ауылында дүниеге келген. 2002 жылы Қ.Жұбанов атындағы Университетін, 2015 жылы Орыс-қазақ халықаралық университетін тәмамдаған. Мамандығы бойынша біліктілігі – тарихшы, экономист.
Мансап
Еңбек жолын 2002 жылы Алға қаласының №3 Алға қазақ орта мектебінің мұғалім болып бастаған.
2003 - 2004жж. - «Алға аудандық ішкі саясат бөлімі» ММ бас маманы; 2004 – 2006 жж. - «Алға ауданы әкімі аппараты» ММ ақпараттық-талдау бөлімінің бас маманы;
2006 - 2007 жж. - «Алға аудандық ішкі саясат бөлімі» ММ бас маманы;
2007 – 2013 жж. - «Алға ауданы әкімі аппараты» ММ мемлекеттік қызмет көрсету, сапасының сақталуын бақылау бөлімінің басшысы;
2013 ж. - «Алға аудандық ішкі саясат бөлімі» ММ басшысы;
2013 – 2016 жж. - «Алға ауданы әкімі аппараты» ММ аппарат басшысы;
2016 – 2020 жж. – Алға ауданы әкімінің орынбасары;
2020 – 2022 жж. - Астана қаласының «Нұр Отан» орталық аппаратының ұйымдастыру және аумақтық жұмыс Департаментінің инспекторы;
2022 – 2026 жж. - Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқарма басшысының орынбасары;
2026 ж. қазан айынан бастап Департамент басшысының міндеттеріне кірісті.