"ҚР ЕХӘҚМ Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті" бас маман - қаржыгері
Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитеті
Ақмола облысы
212061
Жалпы біліктілік талаптары
С-О-5 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;
мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім
Функционалды міндеттер
Бухгалтерлік есеп бойынша құжаттамаларды жүргізу; балансты, есептіліктерді құрастыру; еңбекақы қорының жұмсалу, лауазымдық еңбекақыларды белгілеу дұрыстығын бақылау; штаттық, қаржылық және кассалық тәртіпті қатаң сақтау; заңнамаға сәйкес бюджетке салықты және зейнеткерлік аударымдар мен басқа да міндетті төлемдерді есептеу және аудару; түсетін ақшалай қаражаттардың, товарлы – материалдық құндылықтардың және негізгі құралдарды толық есептеуін, сондай – ақ, олардың қозғалысына байланысты операцияларды бухгалтерлік есепте дер кезінде көрсету; мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды жүзеге асыру, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде заңдылықтың сақталуын қамтамасыз ету; алғашқы құжаттардағы бухгалтерлік жазбалар негізінде бухгалтерлік есептіліктерді дұрыс жасау; Департаменттің жоспарлаған жұмысын қамтамасыз ету; Департамент қызметкерлеріне еңбекақыларды, демалыс және еңбекке уақытша жарамсыздық парақтарын уақытылы есептеуді және алуды жүзеге асыру;бухгалтерлік құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету;Департаменттің тапсырмасы бойынша соттарға және өзге де ұйымдарда қаржы мәселелері бойынша оның өкілі болу; жоғары органдарға ақпараттарды, есептерді (құзыретіне кіретін) дайындау және дер кезінде ұсыну. Департаменттің басшылығымен жүктелген өзге де міндеттер.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 30.10.2023
- Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, 010000, Астана қаласы, Министрліктер үйі, Мәңгілік ел даңғылы, 8-үй, 6 кіреберіс, техникалық жазба құралдарын қолдануымен өткізіледі (ZOOM бағдарламасы)
-
8 (7172) 74-34-40