Жекелеген нозологиялық нысандар бойынша мемлекеттік қызмет көрсетудің ерекше тетігі: сырттай-проактивті формат

Көру саны:3
Жекелеген нозологиялық нысандар бойынша мемлекеттік қызмет көрсетудің ерекше тетігі: сырттай-проактивті формат
Қазақстан Республикасында мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін арттыруға, оларды көрсету мерзімдерін қысқартуға және азаматтарға түсетін әкімшілік жүктемені азайтуға бағытталған медициналық-әлеуметтік сараптама (бұдан әрі – МӘС) жүйесін жетілдіру жұмыстары жалғасуда.
Осы бағыттағы маңызды қадамдардың бірі – «Мүгедектікті және/немесе еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеу және/немесе қажетті әлеуметтік қорғау шараларын айқындау» мемлекеттік қызметін жекелеген нозологиялық нысандар бойынша сырттай-проактивті форматта көрсетудің ерекше тетігін енгізу болып табылады.
Ерекше тетік неден тұрады?
Ерекше тетіктің негізгі ерекшелігі – медициналық құжаттарды қарау рәсімін оңтайландыру. Белгіленген талаптар сақталған жағдайда материалдар бір экстерриториялық МӘС сарапшысына жолданады. Сарапшы ұсынылған құжаттарды қарап, сараптамалық қорытынды шығарады.
Бұл МӘС актісінің жобасы сарапшыға келіп түскен күннен бастап мемлекеттік қызмет көрсету мерзімін бір жұмыс күніне дейін қысқартуға мүмкіндік береді.
Ерекше тетік медициналық деректер азаматтың денсаулық жағдайын оны бетпе-бет қарап-тексерусіз объективті бағалауға мүмкіндік беретін жекелеген нозологиялық нысандар бойынша қолданылады. Оларға мыналар жатады:
1. Туа біткен және жүре пайда болған ақаулар – аяқ-қолдардың болмауы және/немесе ампутациясы;
2. Даун ауруы (синдромы);
3. Балалардағы мукополисахаридоз.
Ерекше тетіктің артықшылықтары
Аталған тәртіпті енгізу мынадай мүмкіндіктер береді:
- мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін қысқарту;
- азаматтар мен олардың отбасыларына түсетін әкімшілік жүктемені азайту;
- көзделген жағдайларда МӘС бөліміне жеке бару қажеттілігін болдырмау.
Сонымен қатар медициналық құжаттаманың сапасына, тексерулердің толық жүргізілуіне және белгіленген талаптардың сақталуына ерекше назар аударылады.
22 қазан 2026
22 қазан 2026