Мүгедектігі бар адамдар қандай салықтардан босатылған

"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы"ҚР Кодексіне сәйкес, мүгедектіктің кез келген тобына жататын азаматтар және мүгедек баланың ата-анасының бірі келесі жағдайларда мемлекеттік баж салығын төлемейді:

  • Қылмыстық істе азаматтық талап қою.
  • Сот талқылауы.
  • Нотариалдық іс-әрекеттер жасау.
  • Азаматтық хал актілерін тіркеу.
  • Қазақстан Республикасы азаматтарының төлқұжаттары мен жеке куәліктерін беру.
  • Автомобильге, автомобиль тіркемесіне, мотокөлікке мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісін беру.
  • Көлік салығы.
  • Жер салығы.

Мүгедектікті растайтын құжатты көрсеткен кезде ғана салықтан босатуға болады.