"Семей қаласының №7 емханасы"ШЖҚ КМК Абай облысы бойынша №1 медициналық әлеуметтік сараптама бөлімі бірлесіп, семинар-кеңес өткізді

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жақсарту мақсатында Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Абай облысы бойынша департаментінің №1 МӘС бөлімімен 2026 жылғы 28 мамырда "Семей қаласының №7 емханасы"ШЖҚ КМК ДКК төрағалары мен жалпы практика дәрігерлерінің қатысуымен бірлескен семинар-кеңес өткізілді. №1 МӘС бөлімінің басшысы Л. Ю. Еремина сұрақтар бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді:
1) медициналық-әлеуметтік сараптамаға 31-нысанды толтыру кезінде жиі кездесетін ескертулерді талдау;
2) МӘС-те танылған негізсіз және сапасыз бағыттардың себептерін және оларды азайту жөніндегі шешу жолдарын талқылау;
3) техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдардың, арнаулы жүріп-тұру құралдарының сыныптамасы, олардың сипаттамалары мен ИПАРА әзірлеуге көрсеткіштері.
ДКК төрағасына МӘС-ке уақтылы және негізделген бағыт бойынша бақылауды күшейту ұсынылды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын сақтауға ұсыныстар берілді. Келіп түскен барлық сұрақтарға түсініктемелер мен жауаптар берілді.