Жиі қойылатын сұрақтар

Мүгедектікті және еңбекке қабілеттіліктен айырылу дәрежесін белгілеу қағидаларының 4-параграфының 20-тармағы 3) тармақшасына сәйкес, сырттай проактивті куәландыру (қайта куәландыру) кезінде МӘС актісінің жобасы аумақтан тыс МӘС сарапшыларына түскен күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде сараптамалық қорытынды шығарылады.

 

Егер МӘС актісінің жобасы сағат 16:00-ден кейін келіп түссе, сараптамалық қорытынды шығару мерзімі келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі.