Жиі қойылатын сұрақтар
«Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдар қызметінің қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 22 маусымдағы № 230 бұйрығы
Бақылаудың және қадағалаудың нақты субъектілеріне (объектілеріне) қатысты анықталған және осы жоспардан тыс тексеруді тағайындау үшін негіз болған фактілер мен мән-жайлар жоспардан тыс тексеруге жатады
Лицензиялаудың негізгі мақсаты-бірыңғай сапа стандарттарын қамтамасыз ету, көрсетілетін қызметті алушылардың қауіпсіздігін арттыру және осы саладағы мемлекеттік бақылауды күшейту
2025 жылғы 1 қаңтардан бастап арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету сапасын арттыру үшін мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына сәйкес "Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге лицензия беру" (Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2024 жылғы 28 маусымдағы № 230 бұйрығы) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін субъектілерді лицензиялау енгізілді
Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеру және профилактикалық бақылауға тексеру парақтарында белгіленген талаптар ғана жатады
Жоспардан тыс тексерулер аноним өтініштер болған жағдайда жүргізілмейді
Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 144 – бабы 3 б-не сәйкес Бақылау және қадағалау органы бақылау мен қадағалау субъектісін (заңды тұлғаның басшысын не оның уәкілетті адамын, жеке тұлғаны) талаптарға сәйкестігіне тексеру жүргізудің басталғаны туралы тексеру басталғанға дейін кемінде күнтізбелік отыз күн бұрын оның басталу күнін көрсете отырып, жазбаша түрде хабардар етуге міндетті
Бақылау және қадағалау органы адамның өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне төнген тікелей қатердің алдын алу және (немесе) оны жою мақсатында, нақты бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) қатысты жоспардан тыс тексеруді тағайындауға негіз болған нақты фактілер мен мән-жайлар бойынша тағайындайтын тексеру жоспардан тыс тексеру болып табылады
Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімі бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау, сондай-ақ жоспардан тыс тексерулер жүргізеді
Қоғамдық және тұрғын ғимараттар халықтың мобильділігі төмен топтары үшін барынша қауіпсіз және жайлы өмір сүру жағдайларын жасауды ескере отырып бейімделуі тиіс.
Сәйкестік туралы декларация –жобалық құжаттамаға және құрылыс нормалары мен ережелеріне сәйкес салынған нысанның сәйкестігін растайтын құжат. Құрылыс объектісінің қолжетімділігін қамтамасыз ету жөніндегі талаптарға сәйкестігі туралы декларацияларды келісу ғимаратқа кедергісіз кіруді (пандустың, көтергіш құрылғының болуы), объект ішінде қолжетімді қозғалыс жолдарын, бейімделген санитариялық - гигиеналық үй-жайларды, сондай-ақ мүгедектіктің әртүрлі түрлері бар адамдардың және халықтың басқа да жүріп-тұруы шектеулі топтарының қызметтерді алуы үшін жағдайларды қамтитын әлеуметтік және көлік инфрақұрылымы объектілерінің қолжетімділігін қамтамасыз ету жөніндегі мәліметтердің толықтығы мен дұрыстығын тексеруді көздейді.