Кудайбергенова Динара Маратқызы
№2 медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімінің басшысы
Жалпы ақпарат, білімі
1990 жылы 28 шілдеде Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Аягоз ауданында дүниеге келді. 2008 жылы медициналық университетке жалпы медицина факультетіне түсіп, 2015 жылы үздікке тәмамдады.
Мансап
2015-2022 жылдары медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімінің бас маманы болып жұмыс атқарды. 2022 жылдан бастап медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімінің басшысы болып жұмыс атқарады.