Өнеркәсіптік қауіпсіздік бойынша бұйрықтар жобаларының жария талқылау үшін орналастырылғаны туралы хабарлама

Төтенше жағдайлар министрлігі «Жүк аспалы арқан жолдарын орнату және қауіпсіз пайдалану қағидаларын бекіту туралы», «Қызмет ету мерзімі өткен көтергіштерді (мұнараларды) одан әрі пайдалану мүмкіндігін айқындау мақсатында олардың техникалық жай-күйіне зерттеп-қарауды жүргізу жөніндегі нұсқаулығын бекіту туралы», «Қызмет ету мерзімі өткен лифтілердің, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі адамдарға (мүгедектерге) арналған көтергіштердің одан әрі пайдалану мүмкіндігін айқындау мақсатында олардың техникалық жай-күйіне тексеру жүргізу жөніндегі нұсқаулығын бекіту туралы» бұйрықтар жобаларын әзірледі.

Бұйрықтар жобалары 2021 жылғы 18 маусымда ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылған legalacts.egov.kz. (02.07.2021 ж. дейін).

 

Жарияланған күні

18 маусым 2021

Жаңарту күні

18 маусым 2021