Дауылды ескертулер
Көру саны:4
«Қазгидромет» РМК мәліметі бойынша дауылды ескертулер
Алматы қ.: 13 қарашада түнде және таңертең тұман күтіледі.
Шымкент қ.: 13-14 қарашада түнде және таңертең тұман күтіледі.
13 қарашада түнде және таңертең Жетісу облысының солтүстігінде, орталығында, таулы аудандарында тұман, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың шығысында, таулы аудандарында екпіні 15-20, күндіз Алакөл көлдері ауданында кей уақыттарда 23-28 м/с. Облыстың оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
13 қарашада Алматы облысының оңтүстігінде, орталығында, таулы аудандарында тұман күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Іле Алатауы (Алматы қаласының Медеу және Бостандық аудандарының таулы аймақтары) бойынша: 13 қарашада кей уақыттарда тұман күтіледі.
13 қарашада түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.
13 қарашада түнде және таңертең Атырау облысының батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде 15-20 м/с.
13 қарашада Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде көктайғақ күтіледі. Оңтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні 15-18 м/с.
13 қарашада Маңғыстау облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, орталығында екпіні 15-20 м/с күтіледі.
13 қарашада Жамбыл облысының солтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі.
13 қарашада түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.
13 қарашада Қостанай облысының батысында, солтүстігінде көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың шығысында, оңтүстігінде тұман.
13 қарашада Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман.
13 қарашада түнде және таңертең Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман күтіледі.
13 қарашада Павлодар облысының оңтүстігінде, шығысында, орталығында тұман күтіледі.
13 қарашада түнде және таңертең Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.
13 қарашада Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман, көктайғақ күтіледі.
13 қарашада Абай облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман, көктайғақ күтіледі.
13 қарашада түнде және таңертең Қызылорда облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман күтіледі. Облыстың оңтүстік-батысында, солтүстігінде жоғары өрт қаупі күтіледі.
13-15 қарашада Түркістан облысының батысында, солтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман күтіледі.
13 қараша 2026
13 қараша 2026