Дауылды ескертулер

«Қазгидромет» РМК мәліметі бойынша 2026 жыл 08 қарашада күтілетін дауылды ескертулер

Дауылды ескерту сақталады:

08 қарашада түнде және таңертең Жетісу облысының  таулы аудандарында тұман күтіледі.                   

08 қарашада облыстың оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі, облыстың шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Талдықорған қ.: 08 қарашада жоғары өрт қаупі сақталады.

Дауылды ескертулер күтіледі:

Астана қ.: 08 қарашада күндіз жаңбыр, кей уақыттарда қатты жаңбыр күтіледі. Түнде және таңертең тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз кей уақыттарда екпіні 15 м/с.

Алматы қ.: 08 қарашада жоғары өрт қаупі сақталады.

08 қарашада Жетісу облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында екпіні 23-28, кей уақыттарда 30 м/с және одан аса күтіледі.

08 қарашада түнде және таңертең Алматы облысының  таулы аудандарында  тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Қонаев қ.: 08 қарашада оңтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі. Жоғары өрт қаупі сақталады.

Іле Алатауы (Алматы қаласының Медеу және Бостандық аудандарының таулы аймақтары) бойынша: 08 қарашада түнде және таңертең тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, уақыттарда екпіні 15-20 м/с.

08 қарашада түнде Ақтөбе облысының оңтүстігінде, шығысында, орталығында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), облыстың орталығында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), облыстың солтүстігінде, шығысында көктайғақ күтіледі. Облыстың шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Ақтөбе қ.: 08 қарашада күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі.

08 қарашада түнде Қостанай облысының батысында, оңтүстік-батысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, күндіз  жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ,  облыстың оңтүстігінде, шығысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде тұман. Облыстың оңтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Қостанай қ.: 08 қарашада түнде және таңертең тұман күтіледі.

08 қарашада Атырау облысының шығысында кей уақыттарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, оңтүстігінде тұман. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың солтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады.      

08 қарашада Маңғыстау облысында жаңбыр, облыстың батысында, орталығында қатты жаңбыр күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, орталығында екпіні 15-20 м/с.

Ақтау қ.: 08 қарашада жаңбыр, түнде кей уақыттарда қатты жаңбыр күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

08 қарашада күндіз Ақмола облысының жауын-шашын (жаңбыр, қар), облыстың батысында, солтүстігінде көктайғақ, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде кей уақыттарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні  15-20 м/с күтіледі.

Көкшетау қ.: 08 қарашада күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), кей уақыттарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі.

08 қарашада күндіз Солтүстік Қазақстан облысының батысында, шығысында, оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), облыстың солтүстігінде аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Көктайғақ. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.

Петропавл қ.: 08 қарашада күндіз аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең тұман күтіледі.

08 қарашада түнде және таңертең Павлодар облысының солтүстігінде, орталығында тұман күтіледі.

Павлодар қ.: 08 қарашада түнде және таңертең тұман күтіледі.

08 қарашада Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, орталығында екпіні 15 м/с. Облыстың батысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Қарағанды қ.: 08 қарашада тұман күтіледі.

08 қарашада Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, күндіз облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с.

Жезқазған қ.: 08 қарашада тұман күтіледі

08 қаашада түнде және таңертең Түркістан облысының таулы аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Түркістан қ.: 08 қарашада оңтүстік-шығыстан жел соғады,  күндіз екпіні 15-20 м/с.  Жоғары өрт қаупі сақталады.

08 қарашада Жамбыл облысының таулы аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Тараз қ.: 08 қарашада жоғары өрт қаупі сақталады.

08 қарашада түнде және таңертең Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында тұман күтіледі. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі, облыстың солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Қызылорда қ.: 08 қарашада түнде және таңертең тұман күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.

08 қарашада түнде Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), түнде және таңертең тұман, көктайғақ күтіледі.

Орал қ.: 08 қарашада түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар), түнде және таңертең тұман, көктайғақ күтіледі.

08 қарашада түнде және таңертең Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, таулы аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың шығысында тұман күтіледі. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстік-шығысында, орталығында 15-20, екпіні 23-28 м/с.

Өскемен қ.: 08 қарашада жел оңтүстік-шығыстан соғады, екпіні 15-20 м/с.

08 қарашада түнде және таңертең Абай облысының шығысында тұман күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында 15-20, екпіні 23-28 м/с. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Семей қ.: 08 қарашада жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, екпіні 15-20 м/с.

 

Жарияланған күні

08 қараша 2026

Жаңарту күні

08 қараша 2026