Дауылды ескертулер

«Қазгидромет» РМК мәліметі бойынша 2026 жылғы 07-08 қарашада күтілетін дауылды ескертулер

  Алматы қ.: 07 қарашада түнде және таңертең тұман күтіледі. Жоғары өрт қаупі сақталады.

  07 қарашада таңертең және күндіз Маңғыстау облысының орталығында кей уақыттарда қатты жаңбыр күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман күтіледі. Шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, орталығында екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында, солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

  Ақтау қ.: 07 қарашада жоғары өрт қаупі сақталады.

  07 қарашада түнде Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), түнде және таңертең тұман, көктайғақ күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

  Орал қ.: 07 қарашада түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар), түнде және таңертең тұман, көктайғақ күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

  07 қарашада Ақтөбе облысының солтүстік-батысында, батысында аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең  облыстың оңтүстігінде, орталығында тұман күтіледі. Облыстың шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

  Ақтөбе қ.: 07 қарашада түнде аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі.

  07 қарашада түнде Қостанай облысының оңтүстік-шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

  07 қарашада түнде және таңертең Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

  07 қарашада түнде Солтүстік Қазақстан облысының шығысында, оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), облыстың солтүстігінде аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде көктайғақ күтіледі.  Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде күші 15-20 м/с, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

  Петропавл қ.: 07 қарашада түнде аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с.

  07 қарашада Павлодар облысында оңтүстіктен жел соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.

  07 қарашада Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында жоғары өрт қаупі сақталады.

  Қарағанды қ.: 07 қарашада тұман күтіледі.

  07 қарашада түнде және таңертең Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

  Жезқазған қ.: 07 қарашада түнде және таңертең тұман күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.

  07 қарашада Шығыс Қазақстан облысында жел оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында 15-20, күндіз екпіні 23-28 м/с.

  Өскемен қ.: 07 қарашада жел оңтүстік-шығыстан соғады, екпіні 15-20 м/с.

  07 қарашада Абай облысында жел оңтүстік-шығыстан соғады, түнде облыстың солтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с, күндіз 15-20, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында екпіні 23-28 м/с. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

  Семей қ.: 07 қарашада жел оңтүстік-шығыстан соғады, екпіні 15-20, күндіз кей уақытта 23 м/с.

  07 қарашада түнде және таңертең Алматы облысының батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында  тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

  Қонаев қ.: 07 қарашада түнде және таңертең тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Жоғары өрт қаупі сақталады.

  Іле Алатауы (Алматы қаласының Медеу және Бостандық аудандарының таулы аймақтары) бойынша: 07 қарашада түнде және таңертең тұман күтіледі.

  07-08 қарашада түнде және таңертең Жетісу облысының  таулы аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20, кей уақыттарда 23-28 м/с., түнде облыстың орталығында 3 градус үсік күтіледі. 07-08 қарашада облыстың оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі, облыстың шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

  Талдықорған қ.: 07 қарашада түнде 1-3 градус үсік күтіледі. 07-08 қарашада жоғары өрт қаупі сақталады.

  07 қарашада Жамбыл облысының таулы аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

  Тараз қ.: 07 қарашада жоғары өрт қаупі сақталады.

  07 қарашада Қызылорда облысының шығысында, орталығында тұман күтіледі. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде 3 градус үсік күтіледі. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі, облыстың солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

  Қызылорда қ.: 07 қарашада кей уақытта тұман күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.

  07 қарашада түнде және таңертең Түркістан облысының таулы аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде, батысында жоғары өрт қаупі сақталады.

   Түркістан қ.: 07 қарашада жоғары өрт қаупі сақталады.

  07 қарашада түнде және таңертең Атырау облысының батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Облыстың солтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады.

 

Жарияланған күні

06 қараша 2026

Жаңарту күні

06 қараша 2026