Дауылды ескертулер

«Қазгидромет» РМК мәліметі бойынша дауылды ескертулер

Алматы қ.: 05 қарашада жоғары өрт қаупі сақталады.

Шымкент қ.: 05 қарашада
түнде және таңертең тұман күтіледі.

05 қарашада түнде Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде қатты жаңбыр, күндіз солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр күтіледі. Түнде және таңертең батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстіктен соққан жел солтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде 15-20 м/с, күндіз 15-20, облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 23-28 м/с. Облыстың солтүстік-батысында, батысында, оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

05 қарашада күндіз Атырау облысының солтүстігінде, шығысында кей уақыттарда қатты жаңбыр күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, оңтүстігінде тұман. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында 15-20, күндіз екпіні 23-28 м/с. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады.

05 қарашада Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында кей уақыттарда қатты жаңбыр, найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман күтіледі. Күндіз облыстың солтүстік-шығысында шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстіктен соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында екпіні 15-20, күндіз кей уақыттарда 23-28 м/с күтіледі. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

05 қарашада күндіз Ақтөбе облысының батысында қатты жаңбыр күтіледі. 06 қарашада түнде жауын-шашын, облыстың солтүстігінде, шығысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі. 05 қарашада оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, орталығында екпіні 15-20, кей уақыттарда 23-28 м/с. 06 қарашада солтүстік-батыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20, екпіні 25 м/с күтіледі. Облыстың шығысында, батысында, оңтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.                                                                                  

05 қарашада түнде Түркістан облысының таулы аудандарында кей уақыттарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Түнде және таңертең облыстың таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде, батысында, орталығында, таулы және тау бөктерлі аудандарында жоғары өрт қаупі сақталады.Жоғары өрт қаупі сақталады.

05 қарашада түнде Жамбыл облысының таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, батысында, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

05 қарашада Алматы облысында солтүстік-шығыстан соғатын жел батысқа ауысады, облыстың оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында  екпіні 15-20 м/с күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде 3 градус үсік күтіледі. Облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Іле Алатауы (Алматы қаласының Медеу және Бостандық аудандарының таулы аймақтары) бойынша: 05 қарашада солтүстік-шығыстан соғатын жел батысқа ауысады, кей уақыттарда екпіні 15-20 м/с күтіледі.

05 қарашада Жетісу облысының  орталығында, таулы аудандарында кей уақыттарда тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20 м/с. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі, облыстың шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

05 қарашада түнде Қызылорда облысының солтүстігінде 2 градус үсік күтіледі. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі, облыстың солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

05 қарашада түнде және таңертең Қостанай облысының шығысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

05 қарашада Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

05 қарашада түнде және таңертең Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.

05 қарашада Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында тұман күтіледі.

05 қарашада түнде және таңертең Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Облыстың батысында жоғары өрт қаупі сақталады.

05 қарашада түнде және таңертең Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман күтіледі. Облыстың батысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

05 қарашада түнде және таңертең Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман күтіледі.

05 қарашада түнде және таңертең Абай облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында тұман күтіледі.

Жарияланған күні

04 қараша 2026

Жаңарту күні

05 қараша 2026