Дауылды ескертулер

«Қазгидромет» РМК мәліметі бойынша дауылды ескертулер

Алматы қ.: 13 ақпанда кей уақытта көктайғақ, тұман күтіледі.

Шымкент қ.: 13 ақпанда кей уақыттарда жауын-шашын (көбінесе жаңбыр), көктайғақ, тұман күтіледі.

13 ақпанда Батыс Қазақстан облысының
батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

13 ақпанда түнде Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде көктайғақ күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, орталығында, тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, батысында, орталығында екпіні 15-20 м/с.

13 ақпанда Ақтөбе облысының солтүстігінде, батысында, шығысында тұман күтіледі.

13 ақпанда Қостанай облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

13 ақпанда Ақмола облысының солтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде екпіні 15-18 м/с күтіледі.                           

13 ақпанда Солтүстік Қазақстан облысының батысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

13 ақпанда Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15 м/с.

13 ақпанда Қарағанды облысынның солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15 м/с.

13 ақпанда Абай облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында тұман күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, Аягөз ауданында екпіні 15-20 м/с.

13 ақпанда Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында тұман күтіледі.

13 ақпанда Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында тұман күтіледі.

13 ақпанда Түркістан облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында жауын-шашын (жаңбыр, қар),  таулы аудандарында қар, кей уақыттарда қатты  қар күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында, таулы аудандарында тұман, көктайғақ күтіледі. Шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында күші 15-20 м/с.

13 ақпанда түнде Жамбыл облысының таулы аудандарында қатты қар күтіледі. Кей уақыттарда тұман, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, түнде екпіні 23 м/с күтіледі.

13 ақпанда Алматы облысының таулы аудандарында  кей уаққытта қатты қар күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады,  облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с.

13 ақпанда Жетісу облысының таулы аудандарында, күндіз  оңтүстігінде, орталығында көктайғақ күтіледі. Облыстың шығысында, орталығында, таулы аулдандарында тұман. Шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20, кей уақыттарда 23-28 м/с.

 

Жарияланған күні

13 ақпан 2026

Жаңарту күні

13 ақпан 2026