Дауылды ескертулер

Қазақстан Республикасы бойынша 2026 жылдың 02 ақпанда күтілетін қауіпті метеорологиялық құбылыстары туралы «Қазгидромет» РМК мәліметтері бойынша дауылды ескертулер

 

 

Дауылды ескертулер сақталады:

 

02 ақпанда Жетісу облысының солтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20, кей уақыттарда 23-28 м/с.

 

 

Дауылды ескертулер күтіледі:

 

02 ақпанда түнде Түркістан облысының таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында 15-20 м/с.

 

02 ақпанда Ақмола облысының оңтүстігінде, шығысында қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде тұман күтіледі.

 

02 ақпанда Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында тұман күтіледі.

Өскемен қ.: 02 ақпанда түнде және таңертең тұман күтіледі.

 

02 ақпанда Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.

 

02 ақпанда Қызылорда облысының орталығында, оңтүстігінде көктайғақ күтіледі. Облыстың орталығында, оңтүстігінде, солтүстігінде тұман күтіледі.

Қызылорда қ: 02 ақпанда кей уақытта көктайғақ, тұман күтіледі.

 

02 ақпанда Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман күтіледі.

Қостанай қ.: 02 ақпанда тұман күтіледі.

 

02 ақпанда Алматы облысында оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с.

 

02 ақпанда Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында екпіні 15-20 м/с.

Петропавл қ.: 02 ақпанда тұман күтіледі.

 

02 ақпанда Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.

Орал қ.: 02 ақпанда көктайғақ, тұман күтіледі.

 

02 ақпанда Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде қар, бұрқасын күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

  

02 ақпанда Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ күтіледі.

Қарағанды қ.: 02 ақпанда тұман, көктайғақ күтіледі.

 

02 ақпанда Ұлытау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында тұман, көктайғақ күтіледі.

Жезқазған қ.: 02 ақпанда тұман, көктайғақ күтіледі.

 

02 ақпанда түнде Маңғыстау облысының батысында, орталығында көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында тұман күтіледі.

Ақтау қ.: 02 ақпанда түнде көктайғақ, тұман күтіледі.  

 

02 ақпанда түнде Атырау облысының батысында, солтүстігінде көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман.

Атырау қ.: 02 ақпанда кей уақыттарда тұман күтіледі.

 

02 ақпанда Жамбыл облысының батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Кей уақыттарда тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі.

Тараз қ.: 02 ақпанда кей уақыттарда тұман күтіледі.

 

Жарияланған күні

01 ақпан 2026

Жаңарту күні

01 ақпан 2026