Дауылды ескертулер

«Қазгидромет» РМК

Қазақстан Республикасы бойынша 2025 жылдың 11 желтоқсанда күтілетін ауа райының күрт өзгеруі, апатты және қауіпті метеорологиялық құбылыстары туралы дауылды ескертулер

 

 

Дауылды ескерту сақталады:

 

11 желтоқсанда Павлодар облысында түнде ауа температурасы 25-30 аязға дейін төмендейді. 

11 желтоқсанда Ұлытау облысында ауа температурасы түнде 15-20, облыстың шығысында 25 градус аязға дейін төмендейді.

Жезқазған қ.: 11 желтоқсанда ауа температурасы түнде 15-17 градус аязға дейін төмендейді.

11 желтоқсанда Қарағанды облысында ауа температурасы түнде 22-27, облыстың солтүстік-шығысында 32 градус аязға дейін төмендейді.

Қарағанды қ.:11 желтоқсанда ауа температурасы түнде 22-24 градус аязға дейін төмендейді.

11 желтоқсанда түнде ауа температурасы 22-27, облыстың солтүстігінде, шығысында 32 аяз градусқа дейін төмендейді.

11 желтоқсанда түнде ауа температурасы 25-30, облыстың солтүстігінде, шығысында 33 градус аязға дейін төмендейді.

11 желтоқсанда Қызылорда облысында ауа температурасы түнде 10-15 градус аязға дейін төмендейді.

11 желтоқсанда Түркістан облысында ауа температурасының түнде 1-6, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында 13 градус аязға дейін күрт төмендейді.

Шымкент қ.: 11 желтоқсанда түнде ауа температурасы 4-6 градус аязға дейін күрт төмендеуі күтіледі.

Түркістан қ.: 11 желтоқсанда түнде ауа температурасы 4-6 градус аязға дейін күрт төмендеуі күтіледі.

11 желтоқсанда Жамбыл облысында түнде ауа температурасы 8-13, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында 16 градус аязға дейін төмендейді.

Тараз қ.: 11 желтоқсанда түнде 8-10 градус аязға дейін төмендейді.

11 желтоқсанда Алматы облысында ауа температурасы 12-17, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында 20-25 градус аязға дейін төмендейді.

11 желтоқсанда Жетісу облысында 15-20, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында 25 градус аязға дейін төмендейді.

 

 

Дауылды ескертулер күтіледі:

 

11 желтоқсанда Жамбыл облысында таулы аудандарында қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Кей уақыттарда тұман күтіледі. солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20, екпіні 23-28 м/с, күндіз облыстың солтүстік-шығысында кей уақыттарда 30 м/с және одан аса күтіледі.

Тараз қ.: 11 желтоқсанда кей уақыттарда тұман күтіледі.

 

11 желтоқсанда түнде және таңертең Алматы облысының оңтүстігінде тұман күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында жолдарда көктайғақ. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 15-20, кей уақытта 24-29 м/с. Түнде облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында 25 градус қатты аяз күтіледі.

Алматы қ.: 11 желтоқсанда жолдарда көктайғақ күтіледі.

Қонаев қ.: 11 желтоқсанда жолдарда көктайғақ күтіледі. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20, кей уақытта 25 м/с.

 

11 желтоқсанда күннің екінші жартысында Түркістан облысының таулы аудандарында көктайғақ күтіледі. Облыстың таулы аудандарында жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың оңтүстігінде тұман күтіледі. Шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, таулы аудандарында 15-20, облыстың тау асуларында екпіні 23-28 м/с.

Түркістан қ.: 11 желтоқсанда шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

 

11 желтоқсанда түнде Маңғыстау облысының орталығында кей уақыттарда қатты қар, облыстың оңтүстігінде, орталығында жаяу бұрқасын күтіледі. Көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Ақтау қ.: 11 желтоқсанда көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең тұман күтіледі.

 

11 желтоқсанда Жетісу облысының шығысында, таулы аудандарында көктайғақ, тұман, бұрқасын күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың шығысында, таулы аудандарында екпіні 15-20, Алакөл көлдері ауданында кей уақыттарда 23-28 м/с.

 

11 желтоқсанда түнде және таңертең Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде қар, бұрқасын күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, облыстың оңтүстік-шығысында, оңтүстігінде 15-20 м/с.

 

11 желтоқсанда түнде Абай облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде қар, бұрқасын күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, түнде облыстың оңтүстігінде, шығысында, орталығында 15-20 м/с.

 

11 желтоқсанда күндіз Қызылорда облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Жел шығыстан соғады, күші 15-20, облыстың шығысында 25 м/с күтіледі.

Қызылорда қ: 11 желтоқсанда күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Жел шығыстан соғады, күші 15-20 м/с күтіледі.

 

11 желтоқсанда Ұлытау облысында оңтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20, күндіз облыстың солтүстігінде кей уақыттарда 23 м/с күтіледі.

  

11 желтоқсанда Қарағанды облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.

 

11 желтоқсанда түнде және таңертен Ақмола облысының оңтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

                                                                            

11 желтоқсанда түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с, күндіз күші 15-20 м/с.

Петропавл қ.: 11 желтоқсанда оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с күтіледі.

 

11 желтоқсанда Павлодар облысының батысында, солтүстігінде тұман.

Павлодар қ.: 11 желтоқсанда тұман күтіледі.

 

11 желтоқсанда Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.

Орал қ.: 11 желтоқсанда түнде және таңертең тұман күтіледі.

 

11 желтоқсанда күндіз Ақтөбе облысының оңтүстігінде қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-18 м/с күтіледі.

 

11 желтоқсанда түнде Атырау облысының батысында, оңтүстігінде көктайғақ күтіледі.

Жарияланған күні

11 желтоқсан 2025

Жаңарту күні

11 желтоқсан 2025