Дауылды ескертулер

Қазақстан Республикасы бойынша 2025 жылдың 19-24 қазанда күтілетін қауіпті метеорологиялық құбылыстары туралы «Қазгидромет» РМК мәліметтері бойынша дауылды ескертулер

 

Дауылды ескерту сақталады:

 

19-24 қазанда Алматы облысының солтүстігінде төтенше өрт қаупі, облыстың батысында жоғары өрт қаупі сақталады.

 

Дауылды ескерулер күтіледі:

 

19 қазанда Жетісу облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с.

 

19 қазанда түнде және таңертең Жамбыл облысында таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі.

Облыстың батысында, солтүстігінде төтенше өрт қаупі, облыстың орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.

 

19 қазанда Түркістан облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың тау асуларында күші 15-20 м/с.

Облыста төтенше өрт қаупі сақталады.

Шымкент қ.: 19 қазанда төтенше өрт қаупі сақталады.

Түркістан қ.: 19 қазанда төтенше өрт қаупі сақталады.

 

19 қазанда түнде Қызылорда облысында 1-6 градус үсік күтіледі.

Төтенше өрт қаупі, облыстың солтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.

Қызылорда қ.: 19 қазанда түнде 1-3 градус үсік күтіледі.

Жоғары өрт қаупі сақталады.

 

19 қазанда Ақтөбе облысының оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың батысында, солтүстік-шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

 

19 қазанда Атырау облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады, облыстың солтүстік-шығысында, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі күтіледі. 

Атырау қ.: 19 қазанда төтенше өрт қаупі сақталады.

 

19 қазанда түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні    15-20 м/с.

Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Орал қ.: 19 қазанда түнде және таңертең тұман күтіледі.

                                                                                     

19 қазанда түнде Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігнде, оңтүстігінде көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. 

 

19 қазанда түнде және таңертең Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

Облыстың оңтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады.

 

19 қазанда түнде Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың шығысында, оңтүстігінде тұман. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде 15-20 м/с.

Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады.

 

19 қазанда түнде және таңертең Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

Облыстың оңтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Астана қ.: 19 қазанда түнде және таңертең тұман күтіледі.

 

19 қазанда күндіз Павлодар облысының батысында, солтүстігінде оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

 

19 қазанда түнде және таңертең Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.

 

19 қазанда Ұлытау облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады, облыстың шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.

Жезқазған қ.: 19 қазанда жоғары өрт қаупі сақталады.

 

19 қазанда Абай облысында оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың орталығында екпіні 15-20 м/с.

Оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

 

19 қазанда Шығыс Қазақстан облысында жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың оңтүстік-шығысында, орталығында екпіні 15-20 м/с.

 

Жарияланған күні

18 қазан 2025

Жаңарту күні

18 қазан 2025