Дауылды ескертулер

Қазақстан Республикасы бойынша 2025 жылдың 01-03 қазан күтілетін ауа райының күрт өзгеруі және қауіпті метеорологиялық құбылыстары туралы «Қазгидромет» РМК мәліметтері бойынша дауылды ескертулер

 

Дауылды ескертулер сақталады:

 

01 қазанда түнде  Қарағанды облысында ауа температурасының 1-6 градусқа дейін төмендеуі күтіледі.

01 қазанда Шығыс Қазақстан облысында ауа температурасының түнде 0-5 градус жылы, облыстың батысында, солтүстігінде 3 градус үсікке дейін төмендеуі күтіледі.

 

01-02 қазанда Жамбыл облысында жауын-шашын, таулы аудандарында кей уақыттарда қатты жауын-шашын жауады (жаңбырдың соңы қарға ұласады). Күндіз 01 қазанда ауа температурасының 5-10, облыстың таулы аудандарында 2  градус жылыға дейін күрт төмедеуі, түнде 02 қазанда облыстың таулы, тау бөктерлі аудандарында 2 градус үсік күтіледі.

Тараз қ.: күндіз 01 қазанда ауа температурасының 8-10 градус жылыға дейін күрт төмедеуі күтіледі.

Күндіз 01, түнде 02 қазанда Алматы облысында жауын-шашын, оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақыттарда қатты жауын-шашын жауады (жаңбырдың соңы қарға ұласады). Күндіз 01 қазанда ауа температурасының 5-10, облыстың таулы аудандарында 1  градус жылыға дейін күрт төмедеуі, түнде 02 қазанда облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде 1-3 градус үсік күтіледі.

Күндіз 01, тәулік бойы 02 қазанда Жетісу облысында жауын-шашын, шығысында, орталығында, таулы аудандарында кей уақыттарда қатты жауын-шашын жауады (жаңбырдың соңы қарға ұласады). Күндіз 01 қазанда ауа температурасының 6-11, облыстың таулы аудандарында 1 градус жылыға дейін күрт төмедеуі, түнде 02 қазанда облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде 1-3 градус үсік күтіледі.

Күндіз 01 қазанда Түркістан облысында ауа температурасының 12-17, облыстың таулы аудандарында 7  градус жылыға дейін күрт төмедеуі күтіледі. Түнде 02 қазанда облыстың таулы аудандарында жауын-шашын, кей уақыттарда қатты жауын-шашын жауады (жаңбырдың соңы қарға ұласады). Түнде 02 қазанда облыстың таулы аудандарында 1 градус үсік күтіледі.

Түнде 01-02 қазанда Қызылорда облысының батысында, солтүстігінде топырақ бетінде 2 градус үсік күтіледі.

 

 

Дауылды ескерулер күтіледі:

 

01 қазанда Жетісу облысының Алакөл көлдері ауданында оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 30 м/с және одан аса күтіледі.

 

01 қазанда күндіз Жетісу облысының орталығында, таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20, кей уақыттарда 23-28 м/с.

Талдықорған қ.: 01 қазанда күндіз кей уақыттарда қатты жаңбыр күтіледі.

 

01 қазанда күндіз Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақыттарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақыттарда тұман күтіледі. Шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 15-20, түнде кей уақыттарда  25 м/с.

Облыстың солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Алматы қ.: 01 қазанда таңертең және күндіз кей уақыттарда қатты жаңбыр күтіледі.

Қонаев қ.: 01 қазанда шығыстан жел соғады, кей уақыттарда екпіні 15-20 м/с.

 

01 қазанда Түркістан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай, дауыл, таңертең және күндіз облыстың таулы аудандарында қатты жаңбыр, бұршақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, таулы аудандарында күші 15-20 м/с.

Облыста төтенше өрт қаупі сақталады.

Шымкент қ.: 01 қазанда таңертең және күндіз найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Төтенше өрт қаупі сақталады.

Түркістан қ.: 01 қазанда солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Төтенше өрт қаупі сақталады.

 

01 қазанда күндіз Солтүстік Қазақстан облысының жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз күші 15-20 м/с.

Петропавл қ.: 01 қазанда күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз күші 15-20 м/с.

 

01 қазанда түнде Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында жауын-шашын (қар, жаңбыр), көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, шығысында, оңтүстігінде тұман. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

 

01 қазанда күндіз Павлодар облысының батысында, солтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

 

01 қазанда Абай облысының  батысында, солтүстігінде, орталығында тұман күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде 15-20 м/с.

 

01 қазанда күндіз Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде кей уақыттарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. 

 

01 қазанда күндіз Қарағанды облысының шығысында, оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр қарға ұласады) күтіледі. Түнде және таңертең облыстың шығысында, оңтүстігінде тұман. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстігінде, күндіз облыстың батысында, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. 

 

01 қазанда Ұлытау облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

 

  01 қазанда Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі.

Облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.    

Тараз қ.: 01 қазанда күндіз қатты жаңбыр күтіледі. Кей уақыттарда тұман күтіледі.

 

01 қазанда Атырау облысының солтүстік-шығысында 3 градус үсік күтіледі.

Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі, облыстың солтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Атырау қ.: 01 қазанда төтенше өрт қаупі сақталады.

 

01 қазанда түнде Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында 3 градус үсік күтіледі.

Облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың солтүстік-батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Орал қ.: 01 қазанда түнде топырақ үстінде 3 градус үсік күтіледі.

Жоғары өрт қаупі сақталады.

 

01 қазанда күндіз Ақмола облысының батысында, шығысында солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

 

01-03 қазанда Ақтөбе облысының оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың батысында, солтүстігінде, солтүстік-шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

Ақтөбе қ.: 01-03 қазанда жоғары өрт қаупі сақталады.

 

01 қазанда Маңғыстау облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстік-шығысында, орталығында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Ақтау қ.: 01 қазанда солтүстік-шығыстан жел соғады, түнде екпіні 15-18 м/с күтіледі.

 

01 қазанда Қызылорда облысында төтенше өрт қаупі сақталады.

 

Жарияланған күні

30 қыркүйек 2025

Жаңарту күні

30 қыркүйек 2025