Дауылды ескертулер

Қазақстан Республикасы бойынша 2025 жылдың 21-22 тамызда күтілетін ауа райының қауіпті метеорологиялық құбылыстары туралы  «Қазгидромет» РМК мәліметтері бойынша дауылды ескертулер

 

Дауылды ескертулер сақталады:

 

21 тамызда Қызылорда облысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Қызылорда қ.: 21 тамызда төтенше өрт қаупі сақталады.

 

21-22 тамызда Алматы облысында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Алматы қ.: 21-22 тамызда жоғары өрт қаупі сақталады.

Қонаев қ.: 21-22 тамызда жоғары өрт қаупі сақталад

 

 

Дауылды ескертулер күтіледі:

 

21 тамызда күндіз Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Найзағай. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

Петропавл қ.: 21 тамызда найзағай, күндіз бұрщақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

 

21 тамызда Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Найзағай. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с, күндіз екпіні 15-20 м/с, облыстың оңтүстігінде, шығысында кей уақыттарда 25 м/с.

Астана қ.: 21 тамызда найзағай күтіледі, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, күндіз кей уақыттарда екпіні 15-20 м/с.

Көкшетау қ.: 21 тамызда найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с.

 

21 тамызда күндіз Павлодар облысының батысында, солтүстігінде қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Күндіз найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

г. Павлодар: 21 тамызда күндіз найзғай күтіледі.

 

21 тамызда Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Қостанай қ.: 21 тамызда таңертең және күндіз найзағай күтіледі. Батыстан,  солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

 

21 тамызда күндіз Атырау облысының батысында, оңтүстігінде найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың батысында екпіні 15-20 м/с.

Облыстың батысында, шығысында төтенше өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Атырау қ.: 21 тамызда күннің соңында найзағай күтіледі.

 

21 тамызда күндіз Батыс Қазақстан облысының батысында найзағай, бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, батыстан соғады, күндіз облыстың батысында екпіні 15-20 м/с.

Облыстың батысында төтенше өрт қауіпі сақталады.

Орал қ.: 21 тамызда түнде және таңертең тұман күтіледі.

 

21 тамызда күндіз Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыс бағытқа ауысады, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Күндіз 35 градус қатты ыстық күтіледі.

 

 21 тамызда Жетісу облысының шығысында, орталығында, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Батыстан жел соғады, облыстың шағысында, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с.

Облыстың оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.  

Талдықорған қ.: 21 тамызда кей уақыттарда найзағай күтіледі.  

 

21 тамызда күндіз Абай облысының батысында, солтүстігінде, орталығында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында 15-20 м/с.

Облыстың оңтүстік-батысында жоғары өрт қаупі күтіледі.

  Семей қ.: 21 тамызда күннің екінші жартысында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с

 

  21 тамызда күндіз Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың оңтүстігінде 15-18 м/с. 

Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі күтіледі.

 

21 тамызда күндіз Қарағанды облысының шығысында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Қарағанды қ.: 21 тамызда оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

 

21 тамызда Ұлытау облысында солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с.

Облыстың шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Жезқазған қ.: 21 тамызда солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15 м/с.

 

21 тамызда күндіз Маңғыстау облысының солтүстік-батысында, шығысында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, шығысында 15-20 м/с күтіледі. Күндіз 38 градус қатты ыстық күтіледі.

Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Ақтау қ: 21 тамызда солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.

 

21 тамызда таңертең және күндіз Жамбыл облысында оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батыс желіне ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында күші 15-20 м/с күтіледі.

Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады.

Тараз қ.: 21 тамызда төтенше өрт қаупі сақталады.

                                                                         

21 тамызда Түркістан облысында солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында күші 15-20 м/с.

Облыста төтенше өрт қаупі сақталады.

Шымкент қ.: 21 тамызда төтенше өрт қаупі сақталады.

Түркістан қ.: 21 тамызда төтенше өрт қаупі сақталады.

 

21 тамызда Ақтөбе облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

 

Жарияланған күні

21 тамыз 2025

Жаңарту күні

21 тамыз 2025